Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Ақыл-ойы кем балалардың сӛйлеуіндегі



Pdf көрінісі
бет155/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
13.1.  Ақыл-ойы кем балалардың сӛйлеуіндегі 
ерекшеліктер 
 
3-4  жастағы  қалыпты  балада,  біраз  сӛздік  қор  жинақталады, 
белсенді  сӛйлеу,  дҧрыс  грамматикалық  формаға  енгізілген, 
елеусіз  фонетикалық  кемшіліктер  болады.  Бҧл  кезде,  олигофрен 
баланың тілі енді ғана шыға бастайды, жеке сӛздерді 2-3 жаста  
------------------------- 
1
Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-Алматы: ТОО «Эверо», 2004.-Б. 184. 
2
Сәбет Бап – БабаЖантану негіздері. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 114-119. 


 
233 
айтады,    қысқа  аграмматикалық  фразалар,  тек  5-6  жаста  ғана 
пайда  болады.  Есту  арқылы  ажыратуы,  дыбыстауы,  анағҧрлым 
кеш қалыптасады. Оның сӛйлеу әлі анық емес, сӛздік қоры ӛте аз, 
т.б.  Сӛйлеудің  мҧндай  кҥйінің  негізгі  себептері  –  тҧрақсыз 
саралаушы  және  баяу  қалыптастырушы  шартты  байланыстар. 
Осының  салдарынан,  бала  ҧзақ  уақыт  бойы,  айналасындағы 
адамдардың  сӛйлеудегі  дыбыстарды  саралай  алмайды,  кӛпке 
дейін жаңа сӛздерді, сӛз тіркестерін меңгермейді.  
Бала  саңырау  емес,  тіпті  ақырын  сыбдырды,  жеке 
дыбыстарды  жақсы  естиді,  бірақ,  байланыстырып  сӛйлеудегі 
дыбыстарды  анық  қабылдай  алмайды.  Бҧл  ересек  адамдардың  
шетелдіктердің  тілін  тҥсінбеуі  тәрізді.  Мҧндай  бала,  сӛйлеуді 
жартылай ғана ҧғады. Оның ӛзінде, баяу қарқынмен орындалады. 
Міне,  бҧл  кеш  қалыптасқан,  жеткіліксіз  сӛйлеудің  басты  себебі. 
Ақыл-ойы кем балалар ҧқсас дыбыстарды, оның ішінде, дауыссыз 
дыбыстарды  жиі  шатастырады.  Мектепке  дейінгі  жаста, 
балалардың  сӛздерді  қайталау  кезіндегі  жіберетін  қателеріне, 
ересектер  тек  дыбыстық  кемшіліктер  деп  қарайды.  Ал  мектеп 
жасында,  яғни  жазуға,  оқуға  ҥйрету  ҥдерісінде  бҧл  қателердің 
басым  кӛпшілігі  есту  анализаторларының  жеткіліксіз  дамуымен 
байланысты болатынын аңғаруға болады. Бала диктант жазғанда, 
фонемаларды  айыра  алмайды.  Мысалы:  сабын  –  шабын,  ескі  – 
ешкі,  т.б. Фонемалық  қабылдау  қабілетінің  нашар  дамуы, кейбір 
дыбыстарды алмастырып айтуға әдеттендіреді, әр сӛзге дыбыстық 
талдау  жасауда  қиындық  туғызады.  Бала  сӛздегі  дыбыстар  ретін 
шатастырады. 
Фонемалық 
талдау 
қиындығынан, 
сӛздің 
грамматикалық  формасын  меңгеру  қиынға  тҥседі.  Фонемалық 
есту  қабілетінің  кемістігі,  оқыту  барысында  жетіледі,  бірақ 
сӛйлеу  қабілетінің  бҧлайша  баяу  меңгерілуі  жалпы  психикалық 
дамуға  кері  әсерін  тигізеді.  Фонемалық  есту  қабілетінің 
жеткіліксіздігі,  артикуляциялық  даму  қарқынының  (сӛз  айтуға 
қажетті қозғалыстар жиынтығы) баяулауымен асқына тҥседі.  
Баланың сӛйлеу аппараты, моторикасының дамуы, қозғалыс 
анализаторы  аймағындағы  саралаушы  шартты-рефлекторлық 
байланыстардың қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты. Қандай 
бір дыбысты анық айту ҥшін, моторлық импульстер анық, нақты 
болуы  шарт.  Бҧл  моторлық  импульстердің  нақтылығы,  екі  тҥрлі 
коррекциямен  қамтамасыз  етілуі  керек:  есту  кӛмегімен 


 
234 
коррекциялау (бала ӛзінің ересектер сияқты, айта алмайтынын ӛзі 
естиді)  және  бҧлшық  ет  сезімі  жағынан  коррекциялау  (қалыпты 
бала  ӛзінің  сӛйлеу  аппаратының  басқаша  қозғалатынын  ӛзі 
сезінеді,  яғни  дыбысты  дҧрыс  шығара  алмайды).  Олигофрен 
балалардағы осы екі коррекция тҥрі  жетілмеген.  
Кӛмекші  мектептердегі  бастауыш  сынып    оқушыларының 
сӛздік  қоры,  олардың  қалыпты  қҧрбыларымен  салыстырғанда 
айтарлықтай  аз,  ӛте  жҧпыны.  Белсенді  және  енжар  сӛздік 
қорларының  арасындағы  айырмашылық  кӛп,  тіпті  екі  есе  артық. 
Олар сын есім етістік, шылауларды ӛте сирек қолданады.  Сӛздік 
қорларындағы  аз  сӛздің  ӛзін,  тура  мағынасында  дҧрыс  қолдана 
алмайды.  Бҧл  қалыпты  дамудағы  кішкентай  қалыпты  баланың, 
ҥлпілдеген  ойыншықтың  бәрін,  бір  сӛзбен  «аю»  немесе  «мияу» 
деп  атайтыны  сияқты  қҧбылыс.  И.  М.  Сеченовтың    айтуынша, 
бала  ҥшін  сӛз  белгілі  бір  уақытқа  дейін  ҧғым  емес,  тек  бірнеше 
заттың  атауы  болып  келеді,  біртіндеп  оның  мағынасы 
нақтыланады.  Сӛйлеудің  грамматикалық  жағы  нашар  жетілген. 
Кӛмекші  мектептердегі  1  сынып  оқушыларының  фразалары      
біртектес,  бірыңғай  жасалады.  Ӛз  ойларын  әрлендіріп,  толық 
жеткізуге  шамалары  жетпейді,  қҧрмалас  сӛйлемдерді  сирек 
қолданады.  Мектеп  жасындағы  ақыл-ойы  кем  балалардың 
сӛйлеуінің  тҥрі,  3-4  жастағы  қалыпты  балалардыкіндей  болып 
қалады. 
Ситуативтік 
сӛйлеудің 
мазмҧны 
толық 
ашылмайтындықтан,  сол  ситуациямен  таныс  адамдар  ғана 
тҥсінеді. Кӛмекші мектеп оқушыларының сӛйлеуіндегі, сӛздердің 
ӛзара 
байланысының 
бҧзылуы 
байқалады. 
Мҧндай 
агграматизмнің  екі  себебі  бар.  Біріншіден,  балалар  тҥрлі 
грамматикалық  формаларды,  тәжірибеде  қолдана  білуге 
машықтанбаған,  сӛйлеуді  қабылдауда,  сӛздердің  қосымшаларын 
саралай  алмағандықтан,  қосымшаларды  дҧрыс  жалғай  алмайды. 
Екіншіден,  бҧл  жҥйке  ҥдерістерінің  сылбырлығымен,  олардың 
тежелгіштігімен  байланысты.  Бала  бір  ойды  айтпақ  болып, 
фразаны бастайды, басқа бір оймен алданып, басталған фразадан, 
бірден екінші ойдың ортысына ауысады. Нәтижесінде, фразаның 
жеке элементтері тҥсіп қалады.  
Кӛмекші  мектеп  мҧғалімдерінің  ақыл-ойы  кем  балаларды 
оқыту  мен  жазуға  ҥйретуде,  кӛптеген  қиындықтармен  бепте-бет 
келуіне  тура  келеді.  Фонематикалық  есту  қабілетінің  жетілмеуі, 


 
235 
дыбыстау  кемістіктері,  сӛзді  дыбыстарға  ажырату  қиындығы, 
мҧның  бәрі,  әрбір  сӛздің  қатемен  жазылуына  әкеп  соқтырады. 
Ақыл-ойы  кем  балаға,  тіпті  әріптерді  жазуда,  әр  әріпке  тиісті 
кескін  беру  оңай  емес,  оның  жазу  мәнері  қиындықпен 
қалыптасады.  Оқу  мен  жазуға  ҥйренуде,  балалар  ӛздерінің  кӛру 
анализаторлары  мен  кеңістікті  бағдарлау  кемістіктерінің 
болатынына  кӛздері  жетеді.  Оптикалық  жағынан  ҧқсас  жазуда 
ҥнемі  шатастырады  немесе  айнадан  кӛрінген  кескіні  тәріздес 
жазады.  Бҧл  кемшіліктердің  барлығы,  анализаторлардың  баяу 
жетілуіне  қарай,  біртіндеп  жоғалады.  Бірақ,  ақыл-ойы  кем 
балалардың    анализаторларының  бірінің  дамуы,  ерекше  нашар 
болады  (соғылу,  локальды  шектелген  менингоэнцефалит,  қан 
қҧйылу  салдарынан).  Бҧл  оқуға,  жазуға,  санауға  ҥйретуде 
анықталады. Мҧндай жағдайда, мҧғалімге оқушымен жеке тҥзету 
жҧмыстарын  жҥргізе  отырып,  ҥлгермейтін  пән  бойынша, 
қосымша сабақтар ӛткізуге тура келеді.  
Сӛйлеудің  жетілмеуі  мен  ойлаудың  нақтылығы  ӛзара 
байланысты  және  ӛзара  бағынышты.  Сӛйлеудің  жетілмеуі, 
баланың  ой-ӛріс  дамуын  шектейді,  ал  талдау,  топтай  білу 
қабілетінің  қиындығы,  сӛздердің  мағынасын  дҧрыс  ҧғынуға, 
сӛйлеуді толық қабылдауға кедергі жасайды.  
Кейбір  жағдайда  балалардың  сӛйлеуі  алдамшы,  сырттай 
қарағанда,  ӛте  жақсы  жетілген  сияқты  болып  кӛрінеді.  Баланың 
ой-ӛрісі,  ӛз  жасынан  ерте  жетілген  тәрізді,  сӛздік  қордың 
молдығы таң қалдырады. Кҥрделі сӛйлемдер мен терминдерді жиі 
қолданады.  Бірақ,  бҧл  балалардың  сӛйлеуі  «бос  сӛз»,  олар  ӛз 
сӛздерінің  мағыналарына  терең  бойламайды,  естіген  немесе 
оқыған сӛздерін орынды-орынсыз, қажетті- қажетсіз жиі қолдана 
береді.  Мҧндай  сӛйлеудің  дамуы,  ойды  жеткізудің,  қарым-            
-қатынастың қҧралына айнала алмайды.  
Сӛйлеудің 
ақыл-ойы 
кем 
балаларда 
кездесетін 
кемшіліктерінің  барлығын,  арнайы  мектептердегі  әдістемелердің 
кӛмегімен жетілдіруге болады. 
 
 
 
 
 


 
236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет