Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет80/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Психоастениктер  –  бҧларға  астениялық  жеке  тҧлға 
белгілері  тән.  Олар  ӛзіндік  талдауға,  ӛзін-ӛзі  жазалауға  бейім 
болады.  Ҥнемі  қорқыныш,  кҥмән,  тартыну  сезімдерін  бастан 
кешіреді. Сондай-ақ, тҥрлі әдеттер мен ғҧрыптарды ойлуға бейім 
және оларды ӛзгертуге қорқады. 

 
Шизоидтар  –  бҧл  топтағыларға  патологиялық  тҧйықтық, 
әлсіз  эмоционалды    жақындықтар  тән,  кейде  олар  ӛте  жатбауыр 
болып  келеді.  Олар  ҥшін  қалыпты,  формальды  емес  қарым-
қатынастар  жасау  қиын,  ал  формальды  қарым-қатынастарда 
белгілі рӛлдерді еш қиындықсыз орындай алады.  

 
Мозаиктер  –  бірнеше  формаға  тән,  белгілердің 
қосарлануы»
1

Жоғарыда  айтылған  психопатия  типтерінің  К.Леонгард 
жасаған  классификациясы  негізінде,  сондай-ақ,  жеке  тҧлға  
акцентуациясы  типтерінің  классификациясы  негізінде,  отандық 
клиницист А.Е.Личко психопатия типтері мен жасӛспірімдік  
--------------------------- 
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.145. 
 
 


 
83 
кезеңдегі  мінез-қҧлық  акцентуациясының  классификациясын 
ҧсынды.  
А.Е.Личконың  жасӛспірімдік  шаққа  тән  мінез-қҧлық 
акцентуациясының негізгі 11 типіне тоқталайық: 
«1.  Гипертимдік  тип.  Бҧл  типке  жататын  жасӛспірімдер, 
бала жасынан жылдам қимыл-қозғалысымен, оңай қарым-қатынас 
жасай  білуімен,  тентектікке  бейімдігімен  кӛзге  тҥседі.  Олардың 
ең  негізгі  ерекшелігі  –  кӛңіл-кҥйлерінің  ҥнемі  жоғары  болуы, 
кейде  агрессия  ҧшқынымен,  ашушаңдықпен  қатар  келеді. 
Белсенділік  пен  зеректікті,  аңғарымпаздықты  қажет  ететін 
ситуацияларда, 
ӛздерін 
жақсы 
ҧстай 
біледі. 
Мҧндай 
жасӛспірімдердің 
қызығушылықтары 
әртҥрлі, 
әрнәрсемен 
әуестенеді  де,  оны  тез  ҧмытады.  Олар  қызық  болып  кӛрінетін, 
қанағат,  қауіп  сезімін  беретіннің  бәрімен  бірдей  әуестенеді. 
Жалғыздықта  ӛмір  сҥре  алмайды,  кездескен  сәтсіздіктер,  қысқа 
уақыттық аффект кҥйін туғызады. 
2.  Циклоидтық  тип.  Жасӛспірімдер  бала  кезінде, 
гипертимдік  типті  еске  салады,  ал  15-17  жасқа  келгенде, 
ашушаңдық  пен  апатия,  сҥлесоқтық  кҥй  ҧлғая  тҥседі.  Кӛңіл- 
кҥйінің жоғарылауы, айқын депрессиямен алмасып отарады. Олар 
айналадағы, тіпті сәл жайсыздықты ауыр қабылдайды.  
3. Лабильдік тип. Бҧл типтің кӛңіл-кҥйі ӛте толқымалы, әрі 
оны  болжау  мҥмкін  емес.  Кӛңіл-кҥйінің  кҥрт  ӛзгеруіне,  ең  бір  
елеусіз, мысалы, біреудің байқаусызда айтқан сӛзі, себеп болады. 
Бҧл  балалардың  барлығы  сәтсіздіктер  мен  қолайсыз  жағдайлар 
болмаса  да,  тҧнжырап  жҥруі  мҥмкін.  Олардың  мінез-қҧлқы  мен 
тәртібі, бір сәттік кӛңіл-кҥйіне байланысты. Яғни, олардың бірден 
гҥлденіп кетуі  немесе  бірден  тҥнеріп  қалуы  ғажап  емес.  Мҧндай 
жасӛспірімдер,  айналадағы  адамдардың  ӛз  ініп  кӛңіл-кҥйін 
кӛтеруіне мҧқтаж, кӛмектесуіне зәру.  
4.  Астениялық  тип.  Мінез-қҧлықтың  астениялық  тҧрпаты, 
невротиялық  бҧзылулардың  негізгі  формаларының  бірі  – 
неврастенияның
 
 дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ӛте жоғары  
ашушаңдықпен, 
қажығыштықпен 
және 
кҥмәншілдікпен, 
кірпияздықпен  сипатталады.  Әсіресе,  ауыр  ақыл-ой  еңбегінде 
шаршағыштық айқын байқалады.  
5.  Сензитивті  тип.  Бҧл  типке  барлық  нәрсеге  сезімталдық 
тән:  қуантатын,  ренжітетін,  қорқытатын.  Бала  кезінде,  бҧлар 


 
84 
кӛбінесе  қараңғылықтан,  жалғыздықтан,  жан-жануарлардан, 
бейтаныс  адамдардан  қорқады.  Сырт  қарағанда,  олар  туралы 
тҧйық, ҧялшақ адам деп ойлауға болады. Мҧндай жасӛспірімдер, 
ҥлкен  топтарды,  қҧмар  ойындарын,  қимыл-қозғалыс  ойындарын 
ҧнатпайды.  Олар  тек  ӛздеріне  етене  таныс  адамдармен  немесе 
ӛзінен кіші балалармен, ересек адамдармен ашық қарым-қатынас 
жасағанда  қалайды.  Бҧл  жасӛспірімдер  тілалғыш,  айтқанды  екі 
етпейді, 
ата-аналарына 
жақын. 
Жастық 
шақта 
бҧл 
жасӛспірімдерде,  ӛз  қҧрбыларының  ортасына  бейімделуінде 
қиындықтар  туындайды,  «толыққанда  болмау  кешені»  орнығуы 
мҥмкін.  Сонымен  қатар,  бҧл  жасӛспірімдерде  парызды  сезіну, 
ӛзіне және айналасындағыларға жоғары моральды талаптар пайда 
болады.  Ӛз  қабілеттеріндегі  кемшіліктердің  орнын,  олар  іс-
әрекеттің  кҥрделі  тҥрлерімен  немесе  жоғары  тырысушылықпен 
толықтыруға ҧмтылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет