4.9. Кҥрделі даму кемістігі
Күрделі кемістік дегеніміз – екі немесе одан кӛп дамудың
бҧзылуы. Кҥрделі даму бҧзылуы, ағзаның әртҥрлі жҥйесінің
зақымдануымен байланысты. Бҧл кӛру кемістігі мен БЦП немесе
кӛру және есту кемістігі, саңыраулық пен БЦП, әйтпесе ҥш
кемістік бірден қатар келді т.б. тҥрінде болуы мҥмкін. Бірнеше
қызметтің бірден зақымдануы, асқынған кемістік деп аталады.
Кҥрделі кемістікті ерте диагностикалау, ӛте маңызды болып
саналады. Себебі, кҥрделі кемістіктің дамуы, тҧқым қуалау
арқылы немесе экзогендік факторлардың әсерінен болуы мҥмкін.
«Кҥрделі кемістік этиологиясының бірнеше нҧсқаларын
қарастыруға болады:
------------------------
1
Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. — М., 1983.- С.102-109.
87
1. Бір кемістік – генетикалық, ал екіншісі – экзогендік
факторлардың әсерінен болады. Мысалы, баланың кӛру
нашарлығы шешесінен беріледі, ал қимыл-қозғалысының
бҧзылуы туу кезіндегі немесе одан кейін алған жарақаттардың
әсері болуы мҥмкін.
2. Екі кемістіктің тегі генетикалық болып келеді. Бірақ, олар
ӛзара байланысты емес. Мысалы, баланың кӛру қабілетінің
нашарлығы әкесінен беріледі, ал есту қабілетінің нашарлығы
шешесінен беріледі.
3. Әр кемістік экзогендік факторлардың салдарынан пайда
болады. Мысалы, скарлатина ауруынан кейін, баланың есту
қабілеті тӛмендейді, ал қимыл-қозғалыс қиындығы, омыртқаның
жарақаттану нәтижесінде болады.
4. Екі кемістік те тҧқым қуалау синдромының кӛрінісі.
5. Екі кемістік те бір ғана экзогендік әсерлердің нәтижесінде
пайда болған.
Кҥрделі кемістіктің соңғы екі нҧсқасы (экзогендік немесе
тҧқым қуалау арқылы берілген), қазіргі кезде ең кӛп зерттеліп
қарастырылады. Бҧлар кҥрделі кемістіктің, тіпті бірнеше
кемістіктің тҥпкі себебі болуы мҥмкін. Алуан тҥрлі кемістіктер
тобында, балаларда туа біткен патологиялардың тҥрлері, яғни
генетикалық тектес патологиялар басым болып келеді. Кҥрделі
кемістіктер, яғни хромосомдық синдромдар сирек кездеседі. Тегі
хромосомдық кҥрделі кемістікке айқын мысал – Даун синдромы.
Бҧл хромосомдық аурулар қатарына жатады. Мҧндай науқасқа
шалдыққан балаларда, ақыл-ойдың кемдігінен басқа есту
кемістігі, кӛру кемістігі жиі кездеседі»
1
.
Кемістіктердің қатар кездесуінің 20-дай тҥрін кӛрсетуге
болады. Бҧл сенсорлық, қимыл-қозғалыс, сӛйлеу және
эмоционалды әртҥрлі зақымданулардың ӛзара қабаттасуы болуы
мҥмкін (есту мен кӛру кемістіктерінің кҥрделі сенсорлық
бҧзылу ретінде қабаттасуы; кӛру бҧзылуы мен сӛйлеудің
бҧзылуы; кӛру бҧзылуы мен қимыл-қозғалыс аппаратының
зақымдануы),
сондай-ақ,
барлық
кемістіктердің
әртҥрлі
дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігімен қабаттаса кездесуі
-------------
1
Специальная психология. \ Под ред. В.И.Лубовского. - -2-е изд., испр. – М.:Изд. центр
«Академия», 2005- С.391-397.
88
(саңыраулық пен интеллектуалды бҧзылу ретінде қабаттасуы;
кӛру бҧзылуы мен сӛйлеудің бҧзылуы; кӛру бҧзылуы мен қимыл-
қозғалыс аппаратының зақымдануы), сондай-ақ, барлық
кемістіктердің әртҥрлі дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігімен
қабаттаса кездесуі (саңыраулық пен ақыл-ойдың кемдігі,
соқырлық пен ақыл-ойдың кемдігі, қимыл-қозғалыстың бҧзылуы
мен ақыл-ойдың кемдігі; кҥрделі сенсорлық кемістіктер мен
ақыл-ойдың кемдігі).
Мҧндай жіктеу, баланың арнайы мектептің қай тҥрінде
оқуына болатындығы жайлы мәселені, дҧрыс шешуге мҥмкіндік
береді. Сонымен қата, мҧнда қолданылатын емдік шаралар мен
олардың әсері ескерілуі тиіс.
Мысалы, тумысынан соқыр немесе ерте байқалған катаракта
зардабынан, екі кӛзінен зағип болған бала, неғҧрлым
катарактаны ертерек алғызса, қайта кӛру мҥмкіндігіне ие болады.
Бірақ, бҧл жерде операциядан кейінгі асқынуларды да естен
шығармаған жӛн, кейде екінші рет пайда болатын катаракта
немесе қҧрсақтағы кезінде қызамық науқасына шалдыққан
баланың, жасӛспірімдік шақта кӛз клетчаткасының ыдырауынан,
кӛру қабілетін жоғалтуы сияқты жағдайлар жиі кезігеді. БЦП-ң
ауыр тҥріне шалдыққан балалар мен тосаң қҧлақ балаларға дҧрыс
тағайындалған ем мен дҧрыс тәрбие беру, олардың дамуында оң
динамиканы кӛрсетеді.
«Кҥрделі бҧзылулардың пайда болу уақытына қарай, оларды
тӛмендегідей топтарға бӛлуге болады :
-
туа біткен немесе ерте кезден пайда болған кҥрделі
кемістік;
-
мектеп жасына дейін кӛрініс берген немесе пайда болған
кҥрделі кемістік;
-
жасӛспірімдік шақта пайда болған кҥрделі кемістік;
-
егде жаста пайда болған кҥрделі кемістік;
-
қартайған шақта пайда болған кҥрделі кемістік»
1
.
Туа біткен немесе ӛте ерте кезден пайда болған кҥрделі
кемістік, баланың даму ҥдерісін мейілінше қиындатады және ӛмір
бойы әртҥрлі профильдегі мамандар тарапынан, ерекше назарды
-----------------
1
Трофимова Н.М., Дуванова С.П.и др.Основы специальной педагогики и психологии. –
Москва – Минск, 2005.-С. 238-239.
89
қажет етеді. Отбасында кешенді кемістігі бар баланың дҥниеге
келуімен туындайтын мәселе, оның қайда тәрбиеленетіндігі
жайында. Кейбір жағдайда, осы балалар арнайы балалар ҥйлеріне
тҥседі, олардың даму мҥмкіндігі ӛте қиын жағдайда болады. Осы
уақытқа дейін, ата-анасы тәрбиелеуден бас тартқан кешенді
кемістігі бар баланың жақсы дамып ӛскен жағдайы болған емес.
Кез келген жаста пайда болған кҥрделі кемістік жағдайлары
ҥшін, баланың осы науқастану сәтіндегі даму ерекшеліктері мен
білім, білік дағдыларын, психологиялық жасын анықтап алу ӛте
маңызды .
Мамандар арасында соқыр-саңырау баладағы, кҥрделі
кемістік пайда болғанға дейінгі психикалық даму деңгейінің,
жалпы дамудағы рӛлі жайлы пікірталастар туды. Кӛру және есту
қабілетінен мектеп жасына дейін айрылған бала, тумысынан
соқыр-саңырау балаға қарағанда, анағҧрлым ілгері дами алады.
Екінші жағынан, мамандар жасӛспірімдік және егде жаста есту-
кӛру қабілетінен айрылған адамдарда, қиын психологиялық
мәселелер пайда болатындығына назар аударады.
Жасӛспірім бала ӛзінің қҧрбы-қҧрдастарымен қарым-
қатынасының бҧзылғанын, бҧрынғы мҥмкіндігінің жоғалуын
қатты уайымдайды. Егер бҧл кезеңде, айналадағы ересек адамдар,
оның мҧндай мінез-қҧлқының себебін тҥсінбесе, дҧрыс жәрдем
бермесе, агрессивтілігі кҥшейіп, психикалық қҧлдырауға немесе
жеке тҧлғалық ауыр ӛзгерістерге соқтыруы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |