Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет85/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
5. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
5.1. Қазіргі кездегі арнайы психологиядағы ӛзекті 
мәселелер 
 
«Педагог-зерттеушілер  даму  мҥмкіндігі  шектеулі  балаларға 
арналған  оқыту  әдістерін,  оқытудың  мазмҧны  мен  қҧралдарын 
даярлауда, 
міндетті 
тҥрде 
психологиялық 
зерттеулердің 
мәліметтеріне сҥйенеді.  
Психологтар  мен  педагогтардың  жҧмыстарының  ӛзара 
байланыстылығына  айқын  мысал  –  ол  психикалық  дамуы 
тежелген  балаларды  тҥзете-дамыта  оқытудың  жҥйесін  қҧру. 
Мҧндай  ӛзара  байланысты  жҧмыс,  жалпы  білім  беретін 
мектептерде  оқитын ҥлгермеуші оқушыларды клиникалық және 
психологиялық 
зерттеулердің 
нәтижелерінен 
ғана 
емес, 


 
91 
педагогтардың,  психологтардың  және  дәрігерлердің  жҧмысының 
бір-бірімен  ҥнемі  байланысынан  туындады.  Нәтижесінде 
психикалық  дамуы  тежелген  балаларды  оқыту  жҥйесі,  осы 
балалар  категориясына  арналған  арнайы  тҥзету  сыныптары  мен 
тҥзету  мектептерінің  ашылуына  аз  уақыт  болғанына  қарамастан, 
толық  қалыптасқан  болып  саналады.  Бҧл,  ең  алдымен,  осы 
категориядағы  балаларға  арналған  мекемелер  жҧмысының 
нәтижесін, 
тиімділігін 
кӛрсетеді. 
Тҥзету 
мектептерінің 
тәжірибесі,  психикалық  дамуы  тежелген  балалардың    40—50  % 
бастауыш  буынды  аяқтағаннан  кейін,  жалпы  білім  беретін 
мектепте  оқуға  мҥмкіндік  алған.  Демек,  ерте  кезден  басталған 
тҥзету  жҧмыстары,  яғни  психикалық  дамудың  тежелуін  ерте 
коррекциялау — 2-3 жыл арнайы балабақшада оқытып-тәрбиелеу, 
одан жоғары нәтиже береді: балабақша тәрбиеленушілерінің 80 % 
бірден  жалпы  білім  беретін  мектептерге  бара  алады.  Мҧндай 
балаларды  психологиялық  зерттеу,  олардың  мектепте  оқуға 
дайындығының деңгейі, қалыпты дамып келе жатқан балалардың 
даму деңгейіне жақын екендігін кӛрсетеді.  
Г.  М.  Дульнев,  Б.  И.  Пинский  т.б.  психологиялық 
зерттеулері,    ақыл-ойы  кем  балаларды  еңбекке  ҥйрету  жҥйесін 
жетілдіруге  негіз  болды.  Бҧл  балалардың  нҧсқауларды  тҥсінуі, 
сызулар  мен  бҧйымдардың  ҥлгілерін  қабылдауы,  еңбек 
дағдыларының  қалыптасу  ерекшеліктерін  зерттеу,  оларды 
еңбекке  даярлау  жҧмысының  әдістемелерін,  кәсіптік  бейімдеу 
жҧмысының  әдістемелерін  жетілдіруге,  тиімді  тәсілдерді 
даярлауға,  оқыту-тәрбиелеу  жҧмысының  бағытын  анықтауға 
мҥмкіндік берді.    
Бҧл зерттеулер, еңбекке ҥйретудің психологиялық тҧрғыдан 
негізделген  әдістемелерінің,  оқушыларды  тек  болашақ  ӛмірге 
дайындап қана қоймай, жалпы психикалық дамуға ықпал ететінін 
кӛрсетеді:  кеңістікті  бағдарлау,  зейін,  есте  сақтау  қабілеттерін 
дамытады, ойлау операцияларын дамытады.  
Психологиялық  зерттеулердің  келесі  бір  бағыты,  оқыту 
мазмҧнының,  әдістерінің  тиімділігін  психологиялық  тҧрғыдан 
бағалау.  Ӛкінішке  орай,  мҧндай  зерттеулер  ӛте  аз.  Әдетте, 
оқытудағы  жаңа  әдістемелердің  авторлары,  ӛз  әдістемелерімен 
эксперимент  жасайды,  оқытудың  тікелей    нәтижесімен 
қанағаттанады,  яғни  материалдың  меңгерілуін  ғана  кӛрсетеді, 


 
92 
бірақ  бҧл  кӛрсеткіш  жеткіліксіз  болып  саналады.  Оқытудың 
нәтижелілігі, 
оның 
балаға 
бағдарлама 
материалын 
меңгертетіндігімен 
ғана 
емес, 
баланы 
жалпы 
дамыта 
алатындығында болуы тиіс.  
Мҧндай 
дамытушылық 
ықпалды, 
диагностикалық 
әдістемелердің кӛмегімен анықтауға болады.   
Арнайы  психология,  сонымен  қатар,  кемшіліктердің  орнын 
толтыру  (компенсация)  мәселесімен  айналысады.  Оның  ішінде, 
алғашқы және туынды кемістіктердің пайда болу уақытына  кӛңіл 
аударылады 
Оларға  жататындар:  жеке  психикалық  қызметтердің 
кемістіктері,  жоғары  психикалық  қызметтердің  қалыптаспауы, 
жеке  тҧлғалық  дамудағы  ауытқулар.  Мҧндай  кемістіктерді 
арнайы  психология  ғылымынан  және  психокоррекциялық 
әдістемелерден  толық  хабары  бар,  психолог  мамандар  тҥзете 
алады.  Қазіргі  кезде  арнайы  мекемелердің  барлығында, 
психологиялық  қызмет  жҥйесі  кеңейтіліп  келеді,  онда  практика 
психологтар қызмет атқарады»
1

Арнайы психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде, 
арнайы  мекемелерде  және  интеграцияланған  жҥйеде  оқитын 
балалардың,  психикалық  дамуының  динамикасын  зерттеуді, 
сондай-ақ, 
олардың 
әртҥрлі 
жағдайларға 
бейімделу 
ерекшеліктерін  зерттеуді  атауға  болады.  Бейімделу  мәселесі 
психикалық  және  физикалық  кемістігі  бар,  ересек  адамдарға  
қатысты  болып  саналады.  Арнайы  білім  мен  кәсіби  даярлық 
алғаннан  кейін,  кӛп  жағдайда,  олар  әлеуметтік  бейімделу  мен 
қоғамға интеграциялану қиындықтарына кезігеді.  
Жоғарыдағы  мәселелердің  бәрі  жеткілікті  зерттелмеген, 
болашақта толық зерттеуді қажет ететін мәселелер.   
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет