210
Есте сақтау қабілетінің бҧл тҥрі, логикалық тәсілдермен
мақсатты тҥрде жҥзеге асады және баланың қолайлы психикалық
даму қҧрылымында, жҥйелі оқуға негіз ретінде басты орынды
иеленеді. ПДТ балаларға, жоғарыда аталған заңдылық қатысты
болады!: сӛздік материалдан гӛрі, кӛрнекі материал, анағҧрлым
жақсы есте сақталады. Есте сақтау кӛрсеткіші, басқа психикалық
кӛрсеткіштер сияқты, қалыпты балалар мен ақыл-ойы кем
балалар кӛрсеткішінің аралығын кӛрсетеді.
ПДТ балалардың мнемникалық әрекеті, тек тҥрлі
мнемотехникаларды іздестірудегі тӛмен белсенділікпен ғана емес,
ӛздерінде бар әлеуетті мҥмкіндіктерді пайдалана алмаумен
сипатталады. Мысалы, материалды есте сақтаудың тиімді жолы
ретінде, ортақ белгілеріне қарай, топтап алу. Заттарды т.б.
ситуативтік белгілеріне қарай, топтастырудың тиімді тәсілін
ҥйреткен соң, балалардың есте сақтау кӛрсеткіштері едәуір
жоғарылап, тіпті қалыпты балалар кӛрсеткіштерінен жоғары
болған. Демек коррекциялық жҧмыстар ӛз нәтижесін кӛрсеткен:
ПДТ балаларды мнеминкалық әрекеттің тҥрлі жолдарына
ҥйретуге болады.
Механикалық ес биологиялық, психологиялық, бірқатар
факторларға байланысты: психоорганикалық синдромнан бастап,
іс-әрекетке деген баланың қызғушылығына дейін.т.б. ПДТ
балалардың механикалық есінің кемшілігі, қысқа уақытты есте
сақтау тҥрін тексеруден анықталған: есте сақтауға тырысудың
алғашқы қадамындағы нәтиже ӛте тӛмен болған; есте сақтау
кӛлемінің аздығы; ес ӛнімділігінің тӛмен деңгейі; есте сақтауға
берілетін уақыттың ҧзартылуын қажет етуі.
Жалпы алғанда, мақсатты тҥрде жҥргізілген коррекциялық
жҧмыстар, есте сақтаудың арнайы тәсілдеріне ҥйрету бҧл
балалардың мнемникалық әрекеттерін анағҧрлым жақсарта
алады.
Достарыңызбен бөлісу: