Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Танымдық  саланың  даму  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет68/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Танымдық  саланың  даму  ерекшеліктері.  Балалардың 
церебральды  сал  ауруында  кемістіктің  кҥрделі  қҧрылымы  орын 
алады.  Қимыл-қозғалыс  кемістігінің  қҧрылымы  туралы  алдыңғы 
тарауда  жан-жақты  қарастырғанымызда,  бҧл  кемістіктің 
психикалық  даму  бҧзылуымен  ӛзара  байланысы  ескерілген 
болатын. 
БЦП–да  болатын  психикалық  дизонтогенездің  ерекше  тҥрі, 
дефицитарлық  даму  жайлы  сӛз  қозғауға  болады.  Психикалық 
дизонтогенездің  аталған  тҥрі,  жеке  анализаторлар  жҥйесі 
қызметтерінің  ауыр  бҧзылуынан,  оның  ішінде  БЦП-ғы  қимыл-
қозғалыс 
анализаторының 
қызметіндегі 
бҧзылулардың 
салдарынан пайда болады. Анализатордың бірінші кемістігі, оған 
қатысты  қызметтердің  жетілмеуіне,  сондай-ақ  зардап  шеккен 
анализатормен  байланысты,  бірқатар  қызметтердің  баяулауына 
себеп болады. Жеке психикалық қызметтердің дамуындағы  
------------------------ 
1
Трофимова Н.М., Дуванова С.П.и др.Основы специальной педагогики и 
психологии. – Москва – Минск, 2005,-С.211-217. 
 


 
68 
 
бҧзылулар,  тҧтас  психикалық  дамуды  тежейді.  Моторлық 
саланың  дефицитарлығы,  яғни  тапшылығы,  қимыл-қозғалыс, 
сенсорлық, 
когнитивтік, 
әлеуметтік 
депривация 
мен 
эмоционалды-ерікті саласының бҧзылуының негізгі себебі болып 
табылады.  
Дефицитарлық типті дизонтогенезі бар баланың  психикалық 
дамуын алдын-ала болжау, тірек-қимыл аппараты зақымдануның 
ауырлық  дәрежесімен  байланысты.  Бірақ  шешуші,  әрі  маңызды 
рӛлге  интеллектуалды  саланың  әлеуетті  (потенциалды)  сақталуы 
ғана ие болады.  
Мҧндай  баланың  оптимальды  дамуы,  тек  адекватты  тәрбие 
мен  оқыту  жағдайында  ғана  іске  аса  алады.  Коррекциялық-
дамытушылық  жҧмыстардың  кемшілігі  жағдайында,  қимыл-
қозғалыстық,  танымдық  және  тҧлғалық  кемшіліктерді  тереңдете 
тҥсетін  депривация    қҧбылыстары кӛрініс береді.  Дефицитарлық 
типтегі дизонтогенез, БЦП бар баланың психикалық дамуындағы 
ауытқулардың  негізін  қҧрайды,  әрі  психикалық,  қимыл-
қозғалыстық  және  тілдік  дамудың  әркелкілігі  мен  динамикасын 
қамтамасыз  етеді.  Даму  қарқынының  айқын  кӛзге  тҥсетін 
бҧзылуы  мен  әркелкілігі,  тепе-тендіктің  бузылуы,  сондай-ақ, 
психиканың  қалыптасуындағы  ӛзіндік  сапалық  белгілер  –  бҧл 
БЦП  бар  баланың  танымдық  іс-әрекеті  мен    жеке  тҧлғасының 
басты ерекшеліктері. БЦП балалардың жартысында ғана әлеуетті 
сақталған  интеллектісі  бар,  бірақ  бҧл  балалардың  жалпы  дамуы 
тапшылық жағдайында жҥзеге асатындықтан, психикалық дамуға 
ӛз  таңбасын  салады.  БЦП-ғы  әлеуетті  сау  сақталған  интеллект 
толыққанды  дҧрыс  дамуды  қамтамасыз  ете  алмайды.  БЦП-ғы 
психикалық  бҧзылудың  негізгі  тҥрлері  –  психикалық  дамудың 
тежелуі  және  олигофрения.  Демек,  психикалық  дизонтогенездің 
дефицитарлық  типінің,  тежелген  даму  немесе  жетілмеген  даму 
типіндегі дизонтогенезбен ҥйлесетіндігі дәлелденеді.  
Сонымен қатар, қозғалыс патологиясының ауырлық дәрежесі 
мен  интеллектуалды  кемшілік  деңгейінің  арасында  тікелей 
байланыс  жоқ.  БЦП-ның  тҥрлі  формаларында,  қалыпты  және 
тежелген даму да, ақыл-ойдың кемдігі та кездесуі ықтимал.  
БЦП-ғы барлық танымдық психикалық ҥдерістердің бірқатар 
жалпы ерекшеліктері бар:  


 
69 
-  церебральды  сал  ауруына  шалдыққан  балалардың  барлық 
танымдық  жҥйесінің  қызметіне  кері  әсер  ететін,  белсенді  ерікті 
зейін  бҧзылады,  себебі  зейін  бҧзылу  қабылдау,  ес,    ойлау,  қиял 
және сӛйлеу бҧзылуына әкеліп соғады; 
- тӛмен интеллектуалды қабілеттен және зейін, ес, қабылдау, 
ойлау 
кемшіліктерінен, 
эмоционалды 
тҧрақсыздықтан 
байқалатын    барлық  психикалық  ҥдерістердің  тым  азаюы 
(церебро-астениялық 
кӛріністер) 
кӛзге 
тҥседі. 
Церебро-
астениялық  кӛріністер,  әртҥрлі  науқастардан  кейін  кҥшейеді, 
әсіресе,  жҧмыс  кҥнінің,  аптаның  немесе    оқу  тоқсанының 
соңында  ҥдей  тҥседі.  Интеллектуалды  жҥктемелер  шамадан  тыс 
кӛбейіп  кеткен  кезде,  невротикалық  асқынулар    қайталанады. 
Кейде  жоғары  психикалық  таусылу  пен  шаршағыштық,  жеке 
тҧлғаның патологиялық  дамуына  себеп болады: жасықтық пайда 
болады, ҥрей мен кӛңіл-кҥйінің  тӛмендігі пайда болады, т.с.с; 
-  жоғары  инерттілік  пен  барлық  психикалық  ҥдерістердің 
баяулығы,  бір  әрекет  тҥрінен  екінші  әрекет  тҥріне  ауысу 
қиындығына, 
оқу 
материалының 
жеке 
фрагменттерінде 
«байланып» қалуға , ойлаудың «тҧтқырлығына» т.б. алып келеді;  
БЦП 
бар 
балалардың 
психикалық 
әрекеттерінің  
хронологиялық  жетілуі  кҥрт  тежеледі.  Осының  әсерінен, 
психиканың бҧзылуы байқалады.  Оның ішінде,  танымдық әрекет  
зардап  шегеді.  Бірақ,  қимыл-қозғалыс  және  психикалық    бҧзылу 
арасында  нақты  байланыс  жоқ.  Мысалы,  ауыр  қимыл-қозғалыс 
бҧзылуы,  жеңіл  ПДТ-мен  ҧласуы  мҥмкін.  Кейде  психикалық  
қызметтердің ауыр тҥрде жетілмеуімен ҧласады. Жалпы БЦП бар 
балаларға  психикалық    даму  кемістігі  тән.    Оған  себеп,  мидың 
ерте  органикалық  зақымдануы  және  қимыл-қозғалыс,  сӛйлеу, 
сенсорлық  ақаулар.  Психикалық  бҧзылу    генезінде,  басты  рӛлді 
іс-әрекеттің әлеуметтік байланыстары, қоршаған ортадағы тәрбие 
жағдайлары атқарады.  
БЦП-ғы  интеллектуалды  кемістік  ӛзіндік  ерекшеліктермен 
сипатталады: 
1.  Қоршаған  орта  туралы  ҧғымдар  мен  мағлҧматтар  
қорының  аздығы.  Оған  себеп,  балалардың    қҧрбыларымен, 
ересектермен  қарым-қатынасының  шектелуі.  Жалғыз  қалуға,  
қозғалыссыздыққа 
мәжбҥр 
болу. 
Сондай-ақ, 
сенсорлық 
қызметтердың 
бҧзылуы. 
Қимыл-қозғалыс 
қиындығына  


 
70 
байланысты, қоршаған ортаны тануда, заттық-тәжірибелік әрекет 
жасай  алмау.  БЦП–да  әртҥрлі  анализаторлар  жҥйесінің 
координациялы  әрекеттері  бҧзылады.  Есту,  кӛру,  бҧлшық  ет–
буын  сезімінің  патологиясы,  жалпы  ақпарат  қабылдауда, 
интеллектуалды  әрекетте  қиындықтар  туғызады.  Бҧл  балаларда 
кӛру кемістігі кездеседі. Кӛру қабілеті, кӛру аумағы, кӛз ӛткірлігі 
жеткіліксіз.  Қыли  кӛзділік,  жоғары  қабақтың  тӛмен  тҥсіп  кетуі 
(птоз)  т.б.  болады,  есту  қабілетінің  тӛмендеуі  кезігеді.  Жоғары 
жиіліктегі  К,  С,  Ф,  Ш,  В,  Т,  П  сияқты  дыбыстарды  естімейді. 
Сӛйлеуде, бҧл дыбыстарды  мҥлдем айтпайды. Кейде фонемалық 
қабылдау кемшіліктері  болады.  
2. 
Интеллектуалды 
кемістіктің 
біркелкі 
емес, 
дисгармониялық  сипаты,  екінші  ерекшелік  болып  табылады. 
Интеллектуалды  қабілеттердің  бірі  тежеледі,  екіншісі  қалыпты 
дамиды.  Психика  дамуының  мозайка  тҥріндегі  белгісі,  мидың  
ерте  кезеңдерінде  органикалық 
зақымдануынан  болады. 
Балалардың  кеңістіктік  және  уақыттық  тҥсініктері  бҧзылады, 
дененің  оң  және  сол  жақтарының  саралауы  жеткіліксіз. 
Оптикалық-кеңістіктік  бҧзылулар  жиі  кездеседі,  балалар 
геометриялық фигураларды кӛшіріп сала алмайды. Сурет салуда, 
жазуда  айна  сияқты,  керісінше  жазу,  шатастыру  кездеседі. 
Балалардың  фонемалық    қабылдауы  жеткіліксіз,  праксистің 
барлық  тҥрлері  тежелген.  Салыстыру,  топтау,  т.б.  ҥдерістер 
тежелген.  Кейбір  балалардың  кӛрнекі  ойлау  тҥрі  жақсы  дамиды, 
ал кейбірінде сӛздік-логикалық ойлау қалыпты дамиды.  
3.  Психоорганикалық  қҧбылыстардың  кӛрістері,  ҥшінші 
ерекшелікке  жатады.  Бҧл  психикалық  ҥдерістердің  ӛте 
баяулығынан, тез таусылатынынан және әрекеттердің бір тҥрінен 
екінші  тҥріне  ауысудың  қиындығынан,  зейін,  қабылдау,  ес 
ҥдерістерінің  кемшілігінен  байқалады.  Бҧл  балалардың    басым 
кӛпшілігінде, танымдық белсенділік аз. Ми жҧмысындағы  тӛмен 
қабілеттілік, церебрастениялық синдроммен байланысты. Балалар 
интеллектуалды тапсырмалар кҥрделенген сайын, тез шаршағыш, 
жалыққыш  бола  бастайды.  БЦП  бар  баланың    интеллект  кҥйі 
әртҥрлі.  Бірде  қалыпты,  бірде  қалыпсыз  кҥйге  жақын  болып 
келеді. Бірқатар балаларда ПДТ, ал енді біреулерінде ақыл-ойдың 
кемістігі  кездеседі.  Сӛйтіп,  психикалық  дамуында  ауытқуы  жоқ 
балалар сирек кездеседі.  


 
71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет