Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет13/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   177
Басқару ортасын 
стратегиялық талдау
Басқару ортасы - стратегиялық маңызды объект. Талдаудың 


26
өзі сол объектіден басталуға тиіс. Жалпы алғанда стратегиялық 
басқаруда екі түрлі орта ұғым бар: сыртқы және ішкі орта. 
Басқарудың сыртқы ортасы дегеніміз – ол сыртқы субъектілер 
мен факторлардың жиынтығы. Олар ұйымның жағдайына және 
келешегіне белсенді түрде әсер етеді. Сыртқы орта шағын ортаға 
кіреді, ал олар көптеген нақтылы субъектілерден тұрады және 
олардың іс-әрекеттері соларға бағытталған: тұтынушыларға, 
бәсекелестерге, делдалдарға және т.б. бағытталған.
Басқарудың ішкі ортасы дегенді ортаның және оның 
субъектілерінің сипаттау жиынтығы (күшті, әлсіз жақтары) ретінде 
деп түсінуге болар. Олар ұйымның (фирманың) келешегіне әсер 
етеді. Ішкі ортаға мыналар жатады: қалыптасқан ұйымдық құрылым, 
функциялар, жауапкершілік, ресурстар және бөлімдер құқығы.
- ресурстық талдау;
- хабардарлықты тексеру мен талдау;
- ішкі қызметті (функцияларды) талдау;
- салыстырмалы талдау;
- адами ресурстар мен мәдениет;
- қаржы ресурстары және қаржылық қызметтің нәтижесі;
- өнімдер және олардың нарықтағы жағдайы.
Басқару ортаны зерттеу көптеген әдістермен жүргізіледі. Оларға 
мынандай талдау әдістері жатады: ӘТЭС (талдау) – Әлеуметтік, 
технологиялық, экономикалық, саясаттық (STEP-анализ) және 
КӘМҚ талдау – күшті жағы, әлсіз, мүмкіндіктер, қауіптер 
(SWOT-анализ). Зерттеушілер осы талдау әдістері арқылы мына 
стратегиялық сауалдарға жауап іздейді: ұйымның қазіргі жағдайы 
қалай; болашақта ұйымның жағдайы қандай болмақ; қойылған 
мақсатқа жету үшін ұйымның алдында тұрған қандай кедергілер 
және қандай дұрыс ықпал ететін жағдайлар бар; қойылған 
мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктерді іске асыру керек; 
стартегияны жүзеге асыру үшін қалай басқару керек? 
ӘТЭС (STEP) және КӘМҚ (SWOT) талдау нәтижесінде 
басқарушы жүйенің даму стратегиясы қалыптасады (фирмалар, 
ұйымдар, социум).
ӘТЭС (STEP) - ұйымның сыртқы жағдайын талдаудың бір түрі. 
Ол болашақ стратегияны дайындауға қолданылады және сараптау 
арқылы факторлардың салыстырмалы мәнін анықтауға көмек етеді. 
Ал факторлар әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және 


27
саясаттық болып төрт топқа бөлінеді. 
ӘТЭС (STEP) талдаудың жақын ортаға әсер етуі төрт 
категориялы:

социодемографиялық әсерлер – қоғамдық, мәдениеттік және 
демографиялық; 

технологиялық әсерлер – өнімдер, инновациялық 
технологияның үрдістері, коммуникация және көлік;

экономикалық әсерлер – ақша-несие саясаты, табыстар, өмір 
әл-ауқатының деңгейі және т.б.;

cаяси әсер – үкіметтік, құқықтық және мөлшерлі әсерлер. 
ӘТЭС (STEP), талдау факторларының артықшылықтары: 
1) ӘТЭС факторларымен жұмыс істей бастағанда басшылар 
сыртқы қоршаған орта туралы ойлана бастайды. 
2) адамдар сыртқы қоршаған ортаны дұрыс көруге мүмкіндік 
туады. Сыртқы қоршаған ортаның факторларын есепке алу 
мәдениеті тәрбиеленеді. 
3) бір фактордан бір факторға еркін ауысу және сол арқылы 
қоршаған орта туралы тұтас пікір қалыптастыру.
4) сыртқы қоршаған ортаны талдау үшін жалпы тіл табысу.
5) ішкі мәселелермен айналыса бермей, сыртқы қоршаған орта 
туралы ойлауды әдетке айналдыру.
КӘМҚ талдау (SWOT-анализ) – бұл рыноктың макрожүйесі және 
олардың нақтылы мақсаттарын талдау әдісі. Фирманың және оның 
бәсекелестерінің кешендік сызбасының үлгісі: «күшті жақтары – 
әлсіздігі – мүмкіндіктері – қауіптер».
Ішкі күшті және әлсіз жағдайларды талдауға ұйымның өзінің 
пайдасымен және кемшіліктерін бағалауды қамтиды. Сондай-ақ, 
коммерциялық ұйымдарда маркетинг, қаржылар, адами ресурстар, 
өндіріс, ұйым, мәдениеті талданады және бағаланады. Мемлекеттік 
ұйымдарда да осындай көптеген бағалаулар орын алады. 
1-кесте. КӘМҚ талдау Қазақстан елінің үлгісінде
Тәуелсіз егеменді мемлекеті-
нің негізі қаланды
Мемлекет құру әлі 
аяқталған жоқ


28
Көне саясаттық және эконо-
микалық жүйеден бастарту. Жаңа 
жүйе жұмыс істей бастады.
Кең масштабты әлеуметтік, 
саясаттық мүдделерге әзір қол 
жеткен жоқ.
Қоғамда басқа сапалы 
құндылықтар жүйесі, еркіндікте 
және жеке адами көзқарастар 
негізінде пайда болды
Өтпелі кезең уақытында 
азаматтардың көпшілігі әр 
нәрсені басынан өткізді және 
біраз нәрсеге шыдады.
Адам ресурстардың сапа-сы, 
жоғары білімді. Ғылыми және 
творчествалық әлуеті жоғары 
деңгейлі халық-басты актив
Адами әлеуетті дамыту 
үшін жаңа және мәдениетті 
жағдайлар қажет.
Қазба байлықтардың көп-тігі 
және т.б.
Жер қойнауын игеруде 
алдын ала ойластырылмаған 
стратегияның жоқтығы мен 
көптеген қиындықтар және 
басқалары
Мүмкіндіктер
Қауіптер
Евро-Азиалық аймағын-
дағы шартараптағы жолдарда 
орналасқан жағрапиялық орны
Коммерциялық қағидаттар 
негізіндегі діл. Өзгерістерге тез 
арада бейімделу, ағымдардың 
мемлекеттен көмек күтуі
Реформаларды шетел 
мемлекеттерінің және донорлық 
ұйымдардың қолдауы
КСРО күйреуінен кейін 
өндіріс көлемінің күрт 
төмендеуі
Үлкен, бірақ халқы аз мемле-
кет үшін жаңа ақпараттық және 
телекоммуникациялық техноло-
гиялардың артықшылықтары
Азаматтардың көбінің 
өмір сүру деңгейінің және 
табыстарының төмендеуі. Орта 
таптың аздығы.
Ұлттық жинақтардың 
аз өсуі және капиталды 
жинақтау. Олар экономиканың 
қозғалтқыш күшіне айналуы 
керек... және басқалар.
Ескерту: А.Л. Гапоненко, А.П. Панкрухин. Стратегическое 
управление. М.: Омега. -Л. -2008.-С.54-56
Саланың ішіндегі бәсекенің табиғи пайда болуын мен деңгейін 
талдау үлгісін (моделін) Портер әзірледі. Оның пікірі бойынша бес 


29
бәсекелік факторлар бар. Осылар сала ішінде бәсекелестік деңгейді 
анықтайды:

салада жаңа бәсекелестер пайда болу қаупі;

жаңа ауыстырушы-талдаулардың (қызметтердің) пайда болу 
қаупі;

сатып алушыға әсер ететін тұтқалар (сатып алушы саны 
және сатып алған нәрсенің көлемі, тауарды жеткізіп беруші 
компаниялардың саны мен көлемі);

тауар жеткізушілердің әсер ететін тұтқалары (жеткізілетін 
ресурстың өте сиректігі және тапшылығы; басқа ресурсқа ауысуға 
байланысты шығындар; керек ресурсты қажет ететін салалардың 
саны; нақтылы ресурсты жеткізуші фирмалардың саны мен 
мөлшері);

саладағы бәсекенің деңгейі (бағалық бәсеке, жетіліп-
қалыптасқан салалар, ауыстырушылардың болуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет