Бюрократиялық
басқару стилі
менеджерлердің көне, ежелден
қолданып келе жатқан жұмыс істеу
әдістерінен қол үзбеуі, істі егжей-
тегжей білуге ынталанбауы, мәселені
шешуді созу, ағымдағы істерге орынсыз
араласу және т.б.
Валюта
ақша өлшемі, яғни баға масштабы
болып саналатын және елдің ақша
жүйесінің негізіне алынатын алтынның,
күмістің салмақ мөлшері. Ақша
жүйесінің түрлері (алтын, күміс, қағаз
ақша).
Валюта бағамы
әр түрлі шетелдік валюталардың белгілі
бір ара қатынасы.
Дефицит
шығынның табыстан басым болуы,
зиянға ұшырауы.
Дотация
жәрдем көрсетудің бір түрі.
Друкер Питер Ф.
америкалық экономист, социолог,
басқару проблемаларының маманы,
қазіргі менеджменттің «Өкіл әкесі».
Негізгі еңбектері: «Басқару тәжірибесі»,
«Жаңа қоғам», «Рынок: қалай
жетекшілікке шығу» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |