Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Бәсекенің бес жалпы стратегиялары



Pdf көрінісі
бет18/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   177
Бәсекенің бес жалпы стратегиялары
Компанияның бәсекелік стратегиясын анықтау үшін бес түрлі 
нұсқа бар:
1. Шығындар бойынша стратегиялық жетекші. Бұл стратегия 
тауар өндіру барысында толық шығыстарды азайту. Бұл көптеген 
сатып алушыларды тартуға мүмкіндік береді. 
2. Кеңінен дифференцияландыру стратегиясы. Компанияның 
өндіріп жатқан тауарларына ерекше белгі беру арқылы бәсекелестік 
фирманың тауарларынан ажырату. Бұл сатып алушылардың 
көпшілігін тартуға көмектеседі. 
3. Оңтайлы шығын стратегиясы. Бұл сатып алушыларға 
төменгі шығын мен өнімнің кең дифференцияландыру арқылы өз 
ақшасына көп құндылықтарды алуға мүмкіндік туғызады. Мақсат 
шығын мен бағаның арасын өзара оңтайландыру.
4. Аз шығындарға негізделген стратегия. Бұл сатып 
алушылардың өте шағын сегментке бағдарлануы. Бұл жағдайда 
фирма өндірістік шығынның төмен болуы арқылы бәсекелестерінің 
алдына шығады.
5. Нарық құрылымынан орын алу стратегиясы өнімнің 
дифференцияландыруы негізінде пайда болған. Бұл стратегияның 
негізгі мақсаты таңдап алған сегменттің өкілдерін тауарлар 
мен қызметтермен толық қамтамасыз ету. Бұның бәрі олардың 
таңдамына және талаптарына сай болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет