Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет79/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   177
Бәсекеге қабілетті 50 елдің 
қатарына кіру стратегиясы 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 
Қазақстан халқына жолдауында жоғарыда келтірілген мәселелерді 
шешу үшін жеті басымдылықты көрсетті:
Бірінші басымдылық. Қазақстанның әлемдік экономикаға 
ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық 
серпілісінің негізі. Бұған мынадай бағыттар кіреді: халықаралық 
маңызды «серпілістік» жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, 
әлемдік нарықтың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілеттік 
бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру; Қазақстанды 
экономикалық жаңарту мен халықаралық нарықтарда бәсекеге 
қабілеттігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға (ВТО) 
кіру; экспорттық-импорттық несиелеуді дамытуды мемлекеттік 
қолдау; ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін 
академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру; осы заманғы 
және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды 
дамыту; табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске 
асыру және т.б.
Екінші басымдылық. Қазақстан экономикасын тұрақты 
экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту 
мен әртараптандыру. Мұның мынадай бағыттарына көңіл 


120
бөлу қажет: ақша-несие саясаты; қадағалау тәртібі мен тиімді 
салық саясаты; экономиканың отын-энергетика және өндіруші 
секторларының тиімділігімен экономикалық қайтарым деңгейін 
арттыру; мемлекеттік активтерді тиімді басқару; нарықтық 
қағидаттар негізінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы 
экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру; 
кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, 
шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту; өңірлік 
әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен 
экономикалық өркендеудің өңірлік дамыту қажеттігіне сай келетін 
аумақтық даму. 
Үшінші басымдылық. Халықтың неғұрлым «әлжуаз» (уязвимый) 
топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін 
осы заманғы әлеуметтік саясат. Бұл басымдылықтар қатарына 
мыналар жатады: халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау 
көрсету; әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика 
талаптарына сай қайта бағдарлануы; тұрғын үй құрылысы, 
денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; бизнес әлеуметтік жауапкершілігінің 
халықаралық стандарттарын енгізу; еңбек ресурстарын дамытудың 
тиімді жүйесін құру.
Төртінші басымдылық. Осы заманғы білім беруді дамыту, 
кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру 
және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі. Осы заманғы 
білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту. Адамның 
өмір бойы білім алуы үшін жағдай жасау.
Бесінші басымдылық. Демократияны одан әрі дамыту және 
саяси жүйені жақсарту. 
Алтыншы басымдылық. Осы заманға қауіп-қатерлер мен қыр 
көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стартегиясын іске 
асыру. 
Жетінші басымдылық. Қазақстанның мүдделерін, өнерлік және 
әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты 
сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру.
Жалпы бұл ұзақ мерзімді қамтитын стратегияны орындау, оның 
барлық басымдылықтары мен бағыттарын іске асыру тек тиімді 
басқару әдістерін қажет етеді. Стратегияның негізгі мақсаттары көп 
жылдар бойы жүйелі түрде іске асу үшін индикативті жоспарлар, 


121
салалық және аймақтық бағдарламалар басқару тәжірибесінде 
кеңінен қолдануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет