Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет109/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   177
Менеджерлік қызмет пен 
оның тиімділігін жіктеу
Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы) 
болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек 
менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.


183
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша 
көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл 
(жаңа идеяларды тез қабылдайды деген мағынада), адамдық асыл 
қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.
Басқарушы-менеджер.
Бұл әуел бастан менеджерге тән боп 
келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы 
менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады. Басқарушы 
менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы 
керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік 
сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.
Оның зияткерлік көкжиегі кең болғаны дұрыс (күрделі 
тұжырымдамалардың мәнін түсіну, дәл талдай білу, тілі бай, оқи 
білуге, жазуға және т.б. қабілетті болуы. («Оқу мен жазу туа бітеді, 
ал береке тағдырдың тартуы» (У. Шекспир)).
Дипломат менеджер.
Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз 
процедураларымен байланысты болады. Орта және жоғары буын 
менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық 
байланыстарды белгілеп, дамытуға, іскерлік байланыстарды 
тереңдетуге, мәмілелерді бекітуге, қайшылықтарды шешуге, билік 
өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартуға жұмсайды.
Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың 
қажеттілігі артып келеді. Бұл, әсіресе, көбейіп келе жатқан 
халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық 
қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер.
Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті 
ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде 
бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, 
процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті 
кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр.
Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан 
және эмоционалды-тұлғадан тұрады.
Тәрбиеші менеджер.
Өндірістік үрдістер күрделене түсуіне 
байланысты қызметкерлерге қойылатын талап күшейіп отыр. Ең 
алдымен қызметкерлердің технологиялық эрудициясын көтеру 
қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік жақтарын жетілдіруі 
керек. Техника мен технологияның күрделене түскен үрдісі 
мамандарды тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді.
Қызметкердің тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелілігі экономикалық 


184
прогрестің (жетістіктің) шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер.
Бұл арада менеджердің инновациялық түрі 
айтылып тұр. ҒТП қарқыны жоғары болып тұрғанда инновацияға 
(жаңаны енгізу) немқұрайлы қараушылық артта қалдырады. Тозған 
құралдарды ұдайы тәртіпке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын 
қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны 
өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын 
арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адами қасиеті мол менеджер. 
Ол әлеуметтік сапаларға ие 
тұлғаны білдіреді. Әрбір менеджердің өз мінезі бар – өз-өзін ұстау 
тәртіптерінің жиынтығы.
Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасынан 
табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. 
Мысалы, Ф. Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы 
жете меңгерген, күш-жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, 
яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды.
Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда 
«адами тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі 
үшін мыналарды естен шығармайды: жұмыскерлер оған емес, ол – 
жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқтаусыз жұмыс істеуі 
үшін ол екі жаққа да пайдалы болуы керек (Питер Э. Лэнд).
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы 
өзгерістерге бәсең (әлсіз) жауап беріп қана қоймай, нарықты 
өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен 
кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай 
ұйымдағы менеджменттің мақсаты – аз шығынмен мол нәтижеге 
қол жеткізу болып табылады.
Тиімді басшылық пен басқаруды мұны қалай істеуді білетін 
адам емес (бұл өте маңызды болса да), мұны істей алатын адам ғана 
жүзеге асыра алады! (Питер Э. Лэнд).
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі 
(амалы) болуы керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы 
былай: ол нақты пәндермен (құралдармен, саймандармен, өндіріспен 
және т.б.) жұмыс істей алуы керек; екіншісі – тұжырымдамалығы, 
яғни тұжырымдамалық ептілігі; үшіншісі – адами – ең басты 
ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокка менеджердің рөліне қатысты 


185
маңызды қорытынды шығарған болатын: «Барлық шаруашылық 
операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады: 
адамдар, өнім, таза табыс. Адамдар алдыңғы кезекке шығады. Егер 
сіздің сенімді тобыңыз болмаса, онда басқа факторларда көп нәрсе 
тындыра алмайсың».
Әлбетте, менеджер – ол топтың өзінше жаттықтырушысы, оның 
міндеті – топты жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Ф. Энгельс былай жазды: «... «тарих» емес, нақты, тірі адам – 
міне осының бәрін істеген, бәріне ие және бәріне араласады».
Жетістік формуласы: дайын болу  ниеттену  істей білу = 
орындау (Питер Э. Лэнд).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет