3
К і р і с п е
Қазіргі жоғары білімді мамандар дайындау жүйесіндегі
орын алып келе жатқан үрдістердің бірі - оқу-жоспарлары мен
стандарттарға жаңа пәндерді енгізу.
Соңғы жылдарда сондай
үрдістер экономикалық мамандар дайындау үдерісінде де
байқалады. Олай болуы өте орынды. Жалпы мамандар дайындау
және оқыту үдерісі серпінділігімен сипатталады. Оған себеп -
қоғамның кәсіби мамандарға деген сұранысының үнемі өзгеріп
отыруы. Сондықтан мамандандырылған пәндердің сапасы сол
сұранысты қанағаттандырып отыруы тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей қатысы бар пәндер
циклы экономика мамандарын дайындауда ерекше орын алады.
Солардың ішінен «Стратегиялық менеджмент» ләнін ерекше
бөліп айтуға болады. Ол көптеген экономикалық пәндердің
жиынтығы болып табылады
және елдің даму болашағын
болжауға үлкен себебін тигізеді. Оның негізгі ерекшеліктері
- болжауға қолданылатындығында, мақсатқа бейімділігінде,
келешекті анықтауда стратегиялық бағдарламалармен тығыз
байланыстылығында. Сол сияқты стратегиялық басқарудың
мәселелерін шешуде ерекше рөл атқарады.
Жоғары білімді мамандар, әсіресе менеджерлер, басқару үдерісін
ұйымдастырып, оның тиімділігін арттыру үшін міндетті түрде
«Стратегиялық менеджменттің» негізгі теориялық концепцияларын,
мазмұнын, тәжірибедегі қажеттілігін дұрыс түсініп, іс жүзінде
қолдануға дайын болуы керек.
Ұсынылып отырған оқулықтың кейбір ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның алғашқы бөлімі жалпы стратегиялық теориялар
мен концепцияларды қамтиды. Нақты айтқанда,
басқару
теориясының негіздері, ерекшеліктері, мақсаттары мен талдау
әдістері, әр деңгейдегі бәсеке артықшылықтары, әртараптандыру
мен жоспарлау және корпоративтік басқарудың стратегиялық
негіздері қарастырылған.
4
Екіншіден, стратегиялық басқару теориясын іс жүзінде
пайдалану үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының тәжірибесі
келтірілді. Кеңес мемлекетінен кейінгі кеңістікте басқару жүйесінің
өз ерекшеліктері мол. Республика 90-шы
жылдардан бастап
стратегиялық басқару жүйесін кеңінен және тиімді пайдаланып
жүрген мемлекеттердің қатарына кіреді. Аталмыш жүйенің негізінде
саяси-экономикалық, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру,
нарықтық экономикаға өту концепциялары; аймақтық басқару,
кәсіпкерлікті басқару стратегиялары жатыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда басқару жүйесінде ұзақ мерзімді
стратегиялар кеңінен қолданылып жүр. Олар «Қазақстан-2030»,
Қазақстанның тұрақты дамуы, индустриалды-инновациялық
даму стратегиялары және Қазақстан Республикасының 2020-шы
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. Бұл стратегиялардың
мәнісін,
мақсаттарын, қол жеткізу жолдарын, негізгі нәтижелерін
білмейінше білікті маман болу мүмкін емес. Олар қазіргі кезеңдегі
және болашақтағы экономикалық идеологиямыз болып есептелуі
керек. Сондықтан Қазақстан экономикасын стратегиялық басқару
мәселелеріне байланысты ғылым салалары мен пәндерді игеру күн
тәртібіндегі міндет.
Үшіншіден, стратегиялық басқарудың негізгі мақсаттарын
іске асыру, тікелей микродеңгейдегі менеджментпен байланысты.
Стратегияны орындау барысында менеджментті басты әдіс
деп те айтуға болады. Теорияда да,
тәжірибеде де басқару ісі
әрдайым экономиканың әр түрлі деңгейінде нақты әлеуметтік-
экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыратын белгілі бір
әдістер жиынтығының айрықша мүддесін білдіреді. Осыған орай
менеджментте нарықтық экономикадағы менеджмент әдістерінің
жүйесі және оның функциялары қарастырылады.
Сонымен жоғарыда келтірілген кітаптың үш бөлімі өзінің
қарастырып отырған мәселелері, яғни көздеген мақсаттарының
бірлігі бойынша біртұтас екендігін дәлелдейді.
Қазіргі күн тәртібінде тұрған күрделі мәселе мемлекеттік тілде
оқытып, сапалы білім беру. Ол үшін оқу жүйесіндегі оқулық-
әдістемелік
жұмыстарын жаңартып, толықтырып отыру, әрбір
оқу орнының және әрбір оқытушының негізгі парызы. Оған қоса
айта кететін, құлақ асатын жағдай ол мемлекеттік тілде шығып
жатқан оқулықтардың, оқу құралдарының және әдістемеліктердің
5
тапшылғы. Кейбір мамандықтарда олар жоқтың қатарында.
Оқулықты дайындау негізінде автордың жарияланған, оқу
процесінде кеңінен қолданыс тауып
оң пікірге ие болған алты
оқу құралдары, осы пәннен оқылған лекциялардың материалдары
және ғылыми қоғамға танымал шетел авторларының еңбектері
пайдаланылған.
Бұл кітап «Менеджмент» мамандығы бойынша дайындалатын
магистранттар мен студенттерге, ізденушілерге, басқару
саласындағы қызметкерлерге арналған.
Осы кітапты дайындау барысында автордың ой-пікірін қолдап,
керекті жағдай жасауға үлес қосқан және қолғабыс тигізген экономика
ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Сатқалиеваға, экономика
ғылымдарының кандидаты Қ. Р. Ерғалиевке, экономика
ғылымдарының кандидаты С. А. Сатаевқа және пікір жазып,
пайдалы ескертпелер жасаған ғалымдар экономика ғылымдарының
докторы Ә. Н. Дәуренбековаға, экономика ғылымдарының докторы
Г. И. Баймахамбетоваға, экономика ғылымдарының докторы С. Ж.
Ташеноваға, экономика ғылымдарының докторы С. Ы. Өмірзақовқа
шын жүректен ағалық, әріптестік алғысымды білдіремін.
Автор