Генри Минцбергтің стратегиялық анықтамалары
Ол стратегияның бес түрлі анықтамасын ұсынады: біріншіден,
стратегия дегеніміз жоспар-болжау негізінде жасалған болашақтағы
нәтиже, нысана, бағыттар. Осы тұрғыдан алғанда жоспар дегеніміз
басынан аяғына дейін бақылауға алынатын, алдын ала белгіленген
іс-қимыл. Екіншіден, ол тактикалық әдіс, бәсекелестік додасындағы
ерекше айлакерлік. Жалпы алғанда ол қысқа мерзімдік стратегия,
өте шектеулі мақсаттарымен сипатталады және қажет болған кезде
өзгертуге болады. Үшіншіден, ол бет алыс қағидасы. Нақтылы үлгі
арқылы іске асырылады. Бұл қалыптасқан бет алысқа байланысты
өзгерістер енгізу стратегиясы. Төртіншіден, ол нақты нарықтағы
бағаларға қараған көзқарас. Бесіншіден, ол ұйымның үлкен
болашағы.
Осы берілген анықтамалар шеңберінде стратегияның үш
компонентін бөліп көрсетуге болады: ұзақ мерзімді негізгі
мақсаттарды анықтау; іс-қимыл бағамын қабылдау және ресурстарды
орналастыру.
Жоғарыда берілген анықтамаларға қарағанда, стратегия - көп
мағыналы және көптеген функцияларды атқаратын басқару әдісі.
Басқару тәжірибесінде, әсіресе жоспарлауда, ұдайы қолданылатын
құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |