16
бір міндеттерді шешу кезінде немесе белгілі жағдайларда нені
және қалай жасайтынын белгілейтін теориясы жоқ. Стратегиялық
басқару – бұл бизнес пен менеджменттің белгілі бір философиясы
немесе идеологиясы. Яғни әр менеджер стратегиялық басқаруды өз
білімімен және біліктілігіне сай қабылдап, жүзеге асырады. Әрине,
стратегияны таңдау мен оның проблемасын талдаудың,
сондай-
ақ тәжірибеде жүзеге асырудың бірқатар ережелері, сызбалары,
ұсыныстары бар. Ал тұтастай қарастырғанда тәжірибеде
стратегиялық басқару, бұл:
- жоғарғы басшылықтың ұйымды
стратегиялық мақсаттарға
алып барудың интуициясы мен өнерінің симбиозы;
- ұйымның ортамен байланысын, ұйымның және оның
өнімінің
жаңаруын, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың жүзеге
асуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіпшілігі мен
шығармашылығы;
- барлық жұмысшыларды ұйым міндеттерін жүзеге асыруға,
мақсаттарға жетудің өте жақсы жолдарын іздеуге белсенді енгізу.
Үшіншіден, ұйымда стратегиялық басқару процесі жүзеге
асырыла бастау үшін уақыт пен ресурстардың үлкен шығыны
және белгілі бір күш жұмсау қажет болады. Қоршаған ортаны
зерттеуді және ұйымды қоршаған ортаға енгізуді жүзеге асыратын
бөлімшелерді жасау қажетті. Маркетинг, қоғам мен байланыс және
т.б. бөлімдер ерекше маңыздылыққа ие болуда және елеулі қосымша
шығындарды қажет етеді.
Төртіншіден, стратегиялық алдын
ала болжаудың қателерінің
теріс салдары тез күшейеді. Аз уақыт ішінде мүлде жаңа өнімдер
жасалады, салымдардың бағыттары ауыстырылады.
Бесіншіден, стратегиялық басқаруды іске асыру кезінде екпін
стратегиялық жоспарлау алдыңғы қатарға шығады. Алайда, бұл
аз, себебі стратегиялық жоспарлау, алға қойған міндеттердің
сәтті орындалуын қамтамасыз етпейді.
Шынында стратегиялық
басқарудың маңызды құрастырушысы болып стратегиялық
жоспарды жүзеге асыру болып табылады. Ал бұл ең алдымен
стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениетті
жасау, еңбекті мотивациялау және ұйымдастыру жүйесін жасау,
ұйымда белгілі бір икемділікті жасау және т.б.
Өмірде орындау
процесі жоспарлаумен қарама-қайшылықта болады. Орындау
кезеңінің маңыздылығы артады. Стратегиялық жоспарлау қанша
17
жақсы жүргізілгенімен, оның жүзеге асуы алғышарт емес.
Достарыңызбен бөлісу: