Стратегиялық басқарудағы
сараптаудың әртүрлілігі.
Бұл талдау кәсіпорынның өз ресурстарын және мүмкіндіктерін
кешенді түрде қарастырады. Бұл бизнестің ағымдағы жағдайына,
оның күшті және әлсіз жақтарын, стратегиялық мәселелерін
анықтайды. Кәсіпорынның қызметінің басқарушылық талдауын
жүргізу үшін, оның негізінде мынандай методологиялық қағидалар
жатуы тиіс:
- жүйелі тәсіл;
- кешенді талдау қағидасы;
- сараптаулық қағидасы;
- салыстырмалы талдау қағидасы;
- ерекшелікті есепке алу қағидасы.
Басқарушылық талдаудың жалпы мазмұнына мынандай
мәселелер кіреді:
- басқарушылық талдаудың әдісі, қағидаты және мақсаты;
- кәсіпорынның стратегиялық ресурстарын және қызмет аясын
анықтау. Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары;
- басқарушылық талдаудың құрылымын анықтау мүмкін-
діктерінің тәсілі;
- басқарушылық талдаудың проблемалары, кәсіпорынның
стратегиясын әзірлеу.
|