Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет122/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   177
Басқару әдістерінің мәні 
және олардың жіктелуі
Өндірісті басқарудың барлық үрдісінде әдістер жүйесі аса 
маңызды рөл ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-
экономикалық дамуы және нарықтық экономиканың мақсаттары 
жүзеге асырылады. Нарықтық экономикаға көшу өндірістің басқару 


211
әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге әкеледі.
Басқару әдістерінен өндірістің нақты тәсілдерінің өзіндік 
ерекшелігі бар белгілерін көруге болады. Оларды пайдалану 
арқылы экономиканы басқарудың мақсаттары мен қағидалары 
жүзеге асырылады. Басқарудың мақсаты әдістерді таңдауды, ал 
мақсаттардың жиынтығы – олардың арсеналын анықтап береді.
Басқару әдістері олардың бағытына қарай бөліп көрсетіледі (бұл 
әдіспен неге ықпал етуге болады), яғни олардың мотивациялық 
сипаты болуы керек. Менеджерге мұны білу аса маңызды.
Басқарудың барлық әдістері түпкі есебінде басқару органдарына 
және нарықтық өндіріске қатысатын адамдарға бағытталады. 
Сондықтан да басқару әдістерін топқа бөлуге менеджер басшылыққа 
алатын мотивтердің сипаттамалары себепкер болады.
Топтардың біреуі тауар өндірушілердің материалдық мүддесіне 
ықпалын тигізетін әдістерді тудырады. Әдістердің бұл тобын 
материалдық мотивация әдісі деп атайды.
Бұдан басқа әлеуметтік мотивация әдістерінің (адамдық 
факторлар, моральдіқ және әлеуметтік мүдделер) және мәжбүрлеу 
мотивациясы әдістерінің (әкімшілік жолмен ықпал ету) топтары 
болады.
Басқару басқарылатын объектінің деңгейіне, ауқымына және 
сипатына қарай қолданылатын әдістердің жиынтығын пайдаланады. 
Экономиканың құрылымында макроқұрылымды, мезоқұрылымды 
және микроқұрылымды бөліп қарастыруға болады.
Микродеңгей
әдетте қоғамдық өндіріс пен оның бөлімшелерін 
қалыптастыратын алғашқы буынның әр түрлі құрылымдарын 
қамтиды. Мынаны баса айта кету керек, бұл деңгей менеджменттің 
басты объектісі болып табылады, өйткені ол қоғамдық өмірдің 
материалдық негізін білдіреді.
Мезодеңгей
аймақтық менеджменттің объектісін білдіретін аса 
ірі салалық және территориялық өндірістерді қалыптастыратын 
құрылымды қарастырады.
Макродеңгейдегі
талдауда барлық халық шаруашылығының 
құрылымы, оның ішінде ұдайы өндірістік, территориялық, 
ұйымдастырушылық және т.б. түрлері зерделенеді. Осыған орай, 
басқару әдістерінің өз тобы болады (теңгерімдік, болжаушылық, 
стратегиялық, құрылымдық және т.б.).
Басқару әдістері кешенді пайдаланылады, ол әр түрлі буындар 


212
үшін біртұтас болады. Алайда, нақты басқару объектісіне қарай 
кейбір әдістердің өз артықшылықтары болуы мүмкін. Басқарудың 
жекелеген міндеттерін шешу үшін әдістердің қолайлысын 
таңдап алу қажеттілігі пайда болады. Әдістердің салыстармалы 
тиімділіктерін, қаншалықты ықпал ете алатынын және олардың 
өзара байланыстарының есебін, пайдалану салдарын бағалаудың 
маңызы зор.
Бірігіп еңбек ету үрдісінде қалыптасатын өзіндік ерекшелігі 
бар қатынастарды қоса ескеретін қоғамдық өндіріске тән 
объективті заңдылықтар негізінде басқару әдістерін жіктеу 
айрықша маңызды орын алады. Осы белгі бойынша экономикалық, 
ұйымдастырушылық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық 
басқару әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Басқарудың экономикалық әдістері – кәсіпорын жұмыскерлерінің 
қажетті бағытта әрекет етуіне және алға қойылған міндеттерді 
шешуге талпыныстарын оятатын экономикалық жағдайларды 
тудыру жолымен ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдістер 
әлеуметтік-экономикалық заңдылықтар мен объективті әлемнің 
– табиғаттың, қоғамның және ой-сананың даму заңдылықтарына 
негізделеді. Бұл әдістер жеке тұлғаның, ұжымның және қоғамның 
экономикалық мүдделерінің жүйесі негізінде пайдаланылады.
Басқаруда экономикалық әдістер жүйесі артықшылыққа 
ие (жоспарлау, қаржыландыру, баға белгілеу, экономикалық 
ынталандыру, бағдарламалар және т.б.). Оның (экономикалық 
әдістер жүйесінің) артықшылыққа ие болатын себебі, ол өндірістік 
ұжымның және әрбір жеке тұлғаның материалдық мүдделері 
арқылы шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйенің талаптарын 
орындауға деген олардың ынтасын оятады. Бұл тұрғысында 
Ф. Энгельс былай жазған болатын: «Қандай да бір қоғамда 
экономикалық қатынастар ең алдымен мүдде ретінде пайда болады» 
(К. Маркс, Ф. Энгельс, 18 т., 211 б.).
Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері дегеніміз, ол нақты 
мақсаттарға қол жеткізудің ұйымдастырушылық жағына ықпал ету 
жүйесі болып табылады.
Бір жұмысты орындау ұйымдастырудың әр қилы жағдайларында, 
оны ұйымдастырудың әр түрлі типтерінде мүмкін болады:
- қатаң реттемелеумен;
- икемділікті бейімделумен, яғни жылдам икемділік таны¬ту;


213
- жалпы міндеттерді дұрыс қоя білумен;
- қызметтің ұйғарылатын шегін белгілеп алу және т.б.
Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері (БҰӘ) ұжымға 
әлдеқайда нақты ықпал етіп, жұмыстың тиімді әрі сапалы 
орындалуын қамтамасыз етеді.
Осы әдістердің барлық жиынтығын үш топ бойынша жіктеуге 
болады:
- ұйымдастырып-тұрақтандыру тобына;
- өкімгерлік тобына;
- дисциплинарлық ықпал ету тобына.
Бұл әдістер барлық деңгейдегі шаруашылық пен басқаруда 
жүрген адамдардың құқығы мен жауапкершілігіне негізделеді. 
Әдетте оларды әкімшіліктік деп атайды.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері – бұл қоғамдық 
және жекелеген мәні бар өнегелік (нравственный) құндылықтарды 
қалыптастыруға, 
әлеуметтік-психологиялық 
факторларды 
пайдалануға негізделген басқару объектісіне ықпал етудің тәсілдері. 
Бұл әдіс әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ықпал етудің мынадай 
тәсілдер жиынтығын қамтиды:
- өз кезегінде бірігіп қызмет етуге қолайлы жағдай тудыратын 
адамдардың 
әлеуметтік-психологиялық 
сипаттамаларын 
(қабілеттерін, 
темпераменттерін, 
мінез-құлықтарындағы 
ерекшеліктерін) ескеру арқылы еңбек ұжымдарын қалыптастыру. 
Бұл сиыса білу, сыйласа білу сияқты күрделі мәселені шешуді, 
яғни алға қойылған мақсатқа барлық ұжым мүшелерінің бір кісідей 
ұйымдасып әрекет етуін, ауызбіршілігін қамтамасыз етеді;
- келісімшарттарды, міндеттемелерді пайдалану, игіліктерді 
бөлудің тәртібін белгілеу секілді әлеуметтік реттеу жүйелерін енгізу;
- әлеуметтік ынталандыру – нақты мақсаттарға, нәтижелерге қол 
жеткізуге бастайтын әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет