210
Үлгілеу
мәселелердің үлгілерін жасауды ұйғарады. Бұл мәселенің
өзгешелігін әрі ерекшеліктерін зерделеуді, яғни білуді жеңілдетеді.
Тәжірибе жүргізу
жалпы ғылыми әдіс ретінде эксперимент
жүргізуді білдіреді (мысалы, шаруашылық реформалары, ұйымдық
құрылымды жобалау және т.б.).
Әлеуметтік
зерттеулердің
көмегімен
жоспарланған
мақсаттардан ауытқудың себептерін зерделейді, адам мінез-
құлықтарының ықтимал мотивтерін (себептерін) және әрекет етудің
бағыттарын анықтайды.
Жалпы ғылымидан басқа басқаруда қолданылатын өзіндік
ерекшелігі бар әдістер де болады. Менеджмент әдістерін жіктеудің
белгілері: мазмұн, мотивация, ұйымдастыру түрлері және қолдану
саласы.
Бірінші белгі – басқару әдістерінің мазмұны бойынша – ықпал
етудің ұйымдастырушылық-өкімгерлік, экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық тәсілдерін топқа бөледі.
Мотивациялық белгі бойынша мотивацияның материалдық,
моральдық және мәжбүрлеу әдістері бөліп көрсетіледі.
Ұйымдастыру формалары бойынша басқару әдістері жалпы
түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалық болып бөлінеді.
Қолданылатын сала бойынша әдістер жалпы түрде (барлық
жүйеге қатысты) және тұжырымды түрде (локальный) – оның
жекелеген бөлімдерде қолданылуына қарай болуы мүмкін.
Менеджмент
әдістерінің
арсеналын
қалыптастыратын
негізгі қағидаларды бөліп көрсетуге болады. Оған жататындар:
мәселені анықтаудың ғылыми негізделген тәсілдемесі (мәселедегі
басымдықтарды бағалау); толық сипаттау қағидасы (мәні мен
мазмұнын және т.б. ашу); әрбір мәселені шешудің әдістерін толық
ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен қамтамасыз
ету қағидасы (шешілетін мәселе бойынша ақпараттың көлемі,
құрамы).
Достарыңызбен бөлісу: