Басқарудың әлеуметтік әдістері Әлеуметтік әдістер әр қилы әдістердің кең спектірін қамти
алады:
- әлеуметтік нормалау;
- әлеуметтік-саяси;
- әлеуметтік реттеу;
- әлеуметтік бастама;
- моральдық ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды
енгізу жолымен ұжым және жекелеген жұмыскерлер арасындағы
әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға
ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік
әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.
Әлеуметтік-саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету
әдістері кіреді (үгіт-насихат, сендіру, басқару ісіне қатыстыру және
т.б.).
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың, топтардың,
тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу
жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде
пайдаланылады.
Моральдық ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары
222
нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды
көтермелеу үшін қолданады.