Экономикалық әдістер жүйесіндегі фирманың қаржылық саясаты Бір
орталықтан
басқарылатын
(басқарылуы
орталықтандырылған) фирмада қаржылық саясаттың рөлі былайша
анықталады: ол экономикалық қызметтің ғылыми-техникалық,
материалдық-техникалық жабдықтау, өткізу – барлық жағын
қамтып, көптеген сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырмалы
түрде, яғни осы әсерлерді шоғырландырып бейнелейді. Бірыңғай
қаржылық саясаттың шеңберінде аса зор ауқымда қаржы ресурста-
рының көздері мен олардың фирма аясында қалай бөлінетіні
анықталады. Әр фирманың қаржы саясатының нақты формалары
мен әдістерін пайдалануда өздерінің елеулі айырмашылығы
болады. Алайда, оның жалпы белгілері мен қағидаларын сондай-
ақ қаржылық саясаттың құралдарын айта кетуге болады. Олардың
ішіндегі маңыздылары:
- табысты бөлу және қайта бөлу;
- әр түрлі бөлімшелердің қызметін қаржыландыру және
несиелендіру. Яғни, бөлімшелерге өз қызметін жүзеге асыру үшін
қаржы және несие беру;
- фирма ішіндегі қаржылық операциялардың және осы
операциялар есебінің құрылымы мен сипатын анықтау.
ҰАК (ТНК) (ұлтаралық корпорация) қаржылық саясатының
икемділігі
мынада:
оның
орталықтандырылған
түрінде
(қалыптасуына) ол әрбір қабылдаушы (алушы жақ) елдің
219
және орналастырушы (беруші жақ) елдің ақша нарығындағы
ерекшеліктеріне қарай сараланады:
- осы елдердің салық заңдары мен валюталық реттеуі;
- валюталық-қаржы жағдайы және олардағы валюталық
бағамның динамикасы.
Қаржы саясатын жасауда фирма ішіндегі қаржы ағынын реттеу
үлкен рөл атқарады.
Табысты шоғырландырып (бір орынға жинақтап) ұстау қағидасы
әлдеқайда икемділік танытады әрі тұтастай нарықтың нақты
жағдайына қаржы саясатының жақсы бейімделуін қамтамасыз
етеді. Бұл жағдайда фирма пайданы барлық еншілес компанияларға
аударуда бір ғана ережені ұстанбайды.
Қаржы саясатының маңызды құралына ҰАК-ның барлық
бөлімшелерін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету
жатады. Фирманың ішкі қаражаты да, қаржыландырудың сыртқы
көзінен алынған қаражат та оның қаражат көзі бола алады.
Қаржыландырудың ішкі көзі амортизациялық аударымдарды,
бөлінбеген табысты шоғырландыру жолымен, сондай-ақ қарыз
және несие алу арқылы қалыптасады.
Қаржыландырудың сыртқы көзі – бұл коммерциялық банктерден,
арнайы қаржы мекемелерінен (даму агенттіктері, қорлар және т.б.),
халықаралық қаржы ұйымдарынан, акцияларды сатудан алынған
несие және қарыз.
Фирманың қаржы көздеріне қатысты қаржылық саясатты әзірлеу
барысында әр түрлі қағидалар мен бағыттар пайдаланылады:
- ішкі қаржыландыру көздерін ең көп шамада пайдалану (өзін-
өзі қаржыландыру);
- орналастырушы елден алынған қаражатты шектеу және
қабылдаушы елден негізінде қарыз түрінде алынған қаржы
ресурстарын барынша көбейтуге талпыну;
- қабылдаушы елдің өз ішінде әр түрлі қаржы көздерін ең көп
шамада пайдалану және халықаралық банктерден қарызға қаражат
алу;
- ішкі фирмалық қаржыландырудың маңызды аспектісі –
қаржыландырудың (қарыз немесе несие), оның көздері мен
шарттарының сипатын анықтау.
Фирма ішіндегі қаржылық қызметте ілік-шатыс, яғни іліктес
немесе сабақтас компаниялар ұсынған қарыз және несие бойынша
220
төлемдердің, лицензия, техникалық және басқа қызметтер бойынша
төлемдердің деңгейін анықтау елеулі рөл атқарады.