203
д) сауықтыру. Әдетте аса ірі банктердің немесе мемлекеттің
көмегімен ірі кәсіпорындарды банкроттан аман алып қалу үшін
жүргізетін шаралар жүйесі. Бәсекелестік күрес
тетігі арқылы
нарықты бәсекеге жарамсыз кәсіпорындардан тазарту жүзеге
асырылады.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған
өндірушілердің арасындағы байланыс тәсілін анықтаушы әрі соған
үстемдік жүргізуші ретінде болады.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыс экономикалық
қатынастардың барлық жүйесін, барлық субъектілерін қамтиды.
Нарық құрамына өзінің жұмыс күшін сататын жұмыскерлер де,
кәсіпкерлер де және түпкілікті тұтынушылар, ссудалық капиталдың
меншік иелері, құнды қағаздардың қожайындары және т.б. кіреді.
Миллиондаған адамдар бір орталықтан басқарусыз-ақ жүз
мыңдаған тауар өндіреді және бұл арада сұраныс пен ұсыныстың
теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.
Нарықтық экономиканы адам
өркениетінің жетістігі ретінде,
қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың барлық нысандарының
ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарастыруға болады.
Нарық қалай жұмыс істейді, ол негізгі экономикалық міндеттерді
қалай шешеді? Өйткені миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды
және оның қаншасын сатып алуда дербес шешім қабылдайды;
кәсіпкерлердің көпшілігі – қалай өндіру керек немесе аса қатерлі
де күрделі, жауапкершілігі орасан зор міндетті қалай орындау
қажет,
деп бас қатырса, ал өндіріс факторларының қожайындары
өз таңдауын жасайды – тауарды кімге және қалай сату керек. Бұл
субъектілер нарық арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Нарық белгілерінің сипаттамалары маңызды орын алады.
Біріншіден, осы заманғы нарық тұтынушылардың нарығы болып
табылады. Бұл мынаны білдіреді: нарықта тауарға деген ұсыныс сол
тіркелген бағадағы сұраныстан асады деген сөз. Нарықтың мұндай
жағдайы өз негізінде «тұтынушылардың диктаты» сатушылармен
салыстырғанда өнімді тұтынушылардың артықшылықты жағдайын
анықтап береді.
Сатып алушы нарығы іскерлік қатынастың тұрақты әрі ұдайы
өндірістік белгісі ретінде болады.
Нарықтың екінші міндетті белгісіне оның бәсекелестік сипаты
жатады. Бұл мынаны білдіреді: бизнес жүйесінде
әрбір субъекті
204
барлық субъектілермен бәсекелесуші жақ болып табылады.
Осы заманғы нарықтың үшінші белгісі – субъектілер
арасындағы қатынастың интеграция негізінде тұрақтануы. Нарық
– бұл кәсіпкерлердің және басқа да экономиканың егеменді
субъектілерінің серіктестік сахнасы.
Сонымен бірге, іскерлік
қатынас субъектілерінің бәрі де экономиканың бір қолға өтуіне,
яғни экономиканың монополиялануына қарсы.
Достарыңызбен бөлісу: