Повестка дня административной реформы: уроки международного опыта



бет1/5
Дата19.10.2023
өлшемі316,05 Kb.
#186638
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2т Экономика негіздері 2 курс Жакупова Б.А.
1т Экономика негіздері 2 курс Жакупова Б.А. 2023, 3т Экономика негіздері 2 курс Жакупова Б.А. 2023

«Экономика негіздері» пәнінен
Дәріс
2-тақырып: Меншік қатынастары және экономикалық жүйе
Әзірлеген: э.ғ.к., аға оқытушы Жакупова Б.А.

Дәріс презентациялаудың мақсаты: меншіктің экономикалық, заңды мазмұндарын ашып, меншік қатынастарының көптүрлілігімен танысу. Дәріс жоспары: 1.Меншік-экономикалық категория. 2.Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері. 3.Меншік қатынастарын өзгерту жолдары.

Меншік – материалдық игіліктерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Меншік – материалдық игіліктерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Меншіктің экономикалық мазмұны – экономикалық игіліктерді (материалдық және материалдық емес) иемденуге байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Меншіктің құқықтық мазмұны – заң негізінде белгіленген экономикалық игіліктерді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Меншіктің 11 кешенді құқығы (авторлары Р.Коуз, А. Альчиан) :

  • Иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелетін бақылау құқығы.
  • Пайдалану құқығы, игіліктердің пайдалы қасиетін қолдану құқығы.
  • Басқару құқығы, игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  • Табыс табу құқығы – игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы.
  • Егемендік құқығы – бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы.
  • Қауіпсіздік құқығы – игіліктерді қолданудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  • Игілікті мүрагерге беру құқығы.
  • Игіліктерді иемденудегі мерзімсіздік құқығы (пайдалану мерзімі шексіз).
  • Сыртқы ортаға зиян келтірмеу құқығы.
  • Жауапкершілікке жазалау құқығы – қарызды төлеуге игіліктермен есеп айрысу құқығы.
  • Қалдықты сипат құқығы – бұзылған құқық шараларын қалпына келтіру құқығы (жоғалтып алған игілікті өзінікі екенін дәлелдеу).


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет