Меншіктің экономикалық және құқықтық категория ретінде.
Меншік қатынастары меншік объектілерін пайдалануға, басқаруға және шешім қабылдауға байланысты қалыптасатын қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.Меншік объектілері болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектілері ретінде мемлекет, ұжым, жеке және заңды тұлға табылады.
Меншік қатынастарының құрылымы
Иелік ету
Пайдалану
Билік ету
Экономикалық теорияда жеке меншіктің құқық мазмұны мынадай элементтерден тұрады.(Оноре тізімі бойынша):
Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.
Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.