44
–
әлеуметтік-мәдени тәсілдер біртекті процедура
емес, ол бағдарламалық әрекеттердің сценарийін
құрастыруды қажет етеді. Мысалы, жүйені
жаңарту қажет болса, оны түгелдей ӛзгерту ме
әлде жартылай жаңарту ма немесе бұрынғы жүйе
сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады,
сӛйтіп, барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады.
Осы жерде жаңарту - модернизациялау түсінігін
нақтылайтын болсақ, түгелдей жаңарту үшін - алдыңғы
қатарлы мәдени үлгіге бағытталу, оны құрастыру және
жүзеге асыру бағдарламасын жасау, ресурстарын айқындау,
орындалуын қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Ескеретін
нәрсе,
түгелдей
жаңарту
бағдарламасы
реформаны
жақтаушы күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі
элиталарға сүйенеді.
Жартылай жаңарту таңдалған жағдайда бірнеше
факторларды
назарға
ала
отырып,
инновациялық
ұсыныстарға
түзетілулер
жасалады.
Ол
факторлар
қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар,
түрлі топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен
бейімділігін анықтау т .б. жатады. Бұл жерде назарға алынуы
тиіс екі жағдай бар, олардың бірі - әлеуметтік амалдардың
негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі мәдениеті
болуы,
екіншісі,
олардың
жаңартуға
бағытталған
ӛзгерістердің қажеттігін түсінуі және қолдауы. Ӛтпелі кезең
тұрғысынан алғанда жартылай жаңарту проблеманы
шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел жаңартудың
кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, ӛйткені, ол
бейімделу сипатын да кӛздейді.
Жобалау
қызметін
тиімді
ұйымдастыруды
қарастыратын болсақ, оны екі бағытта түсіндірушілер барын
кӛруге болады. Біріншісі, нормативті болжау нақты
әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болғандықтан, ол жобалау
мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді десе, екінші
бағыттағылар - жобалау барысында әлеуметтік ғылымға тым
сүйенбеу керек деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: