46
келетіні белгілі. Шын мәнінде, басқару ғылымының
онтологиясында жоспар жобаның бір түрі деп, ал мақсаттық
– бағдарламалық әдісте жоспарлаудың бір түрі деп те қарала
алады, ӛйткені, олардың барлығы да белгілі бір құрылымға
негізделіп, жүзеге асыруды кӛздейді. Сӛйте тұра, нақты
ерекшеліктері де бар, ӛз онтологиясына сәйкес, жоба тұтас
объектіні қарастырады, оның құрылымы мен қызметін
сипаттайды. Жоспар ӛз объектісінің белгілі бір уақыт
аралықтарында орындайтын қызметтерін белгілей отырып,
оның келесі жағдайға ӛтуін кӛздейді, ал бағдарлама белгілі
бір объектінің бір сападан екінші сапаға ӛтудегі
алгоритмделген тапсырмаларды білдіреді.
Мақсаттық –
бағдарламалық әдісті бағдарлама мен жоспардың ӛзгеше
жүйелік – құрылымдық нұсқасы деуг
е болады.
Әлде де нақтылай түсу үшін жобалаудың тағы бір
сипатына тоқталу қажет, атап айтқанда, әсіресе дәстүрден
тыс жобалау әрекеті барысында ғылыми-зерттеулер жүргізу,
инженерлік есептеулер, жоспарлау мен бағдарламалау
элементтері үнемі қолданылады. Осы сияқты бағдарламалау
барысында да осындай әрекеттер жүргізіліп отыратыны
белгілі. Бірақ, оны жобалаудың ғылыми зерттеушілікке,
бағдарламаның жоспарлауға айналуы дей алмаймыз, ӛйткені,
әрбір әрекет ӛз үдерісінің кезеңдері мен құралдары ретінде
басқа сапалардың белгілерін пайдалана алады. Сондықтан,
жобалауды жоспарлаумен немесе бағдарламамен ғана
түсіндіруге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: