7
басшылары мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі
арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін беріп отырмыз.
Оқулықтың мазмұны педагогикалық мамандықтар
бойынша бакалавриаттың 5В010300 - «Педагогика және
психология», 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы
мен
әдістемесі»
мамандықтары
бойынша
және
магистратураның барлық педагогикалық мамандықтары
бойынша білім беру стандарттарындағы кәсіби пәндер
циклінің таңдау компоненттеріне қойылатын әдістемелік
талаптарға сәйкес құрылды. Бұл бүгінгі таңда педагог
кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша жобалау
технологиясын білім беруде пайдалануға мүмкіндік береді
деп есептейміз.
Тағы бір құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі-
оқулықтың аталған мамандықтар бойынша білім беру
бағдарламасына ғана емес, жоғары оқу орындарындағы
кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына да сәйкестендіріліп
жасалуы. Оның бӛлімдері мазмұны мен әр бӛлім соңында
берілген тапсырмалар білім алушылардың ӛз бетімен жұмыс
жасауына мүмкіндік береді. Білім нәтижелерін бағалау аралас
түрде жүзеге асырылғаны дұрыс болады дейміз, ӛйткені,
оқулықтағы теориялық мәселелер бойынша студенттер
білімдері тест сұрақтары түрінде бағаланса, жобалаудың
әдістемесі, технологиясы ауызша емтихан, жоба дайындау
және оны қорғау түрінде ұйымдастырылуы қажет. Осыған
байланысты сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін әр тақырып
бойынша және тест сұрақтары мен жоба жасау үшін
қосымша материалдарды оқулық соңында ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар, бұл еңбек білім берудің жаңа
нәтижелерін ұйымдастырушылық және адам ресурстарын
дамыту тұрғысынан қамтамасыз ететін педагогикалық
жобалаудың теориясы мен технологиясы туралы мемлекеттік
тілде жазылған бірден бір оқулық ретінде педагогтар мен
білім беру ұйымдары басшыларына құнды боларына сенеміз.
Осы оқулықты дайындауда құнды пікірлері мен
ескертпелерін білдірген және үлкен қолдау кӛрсеткен
еліміздің танымал педагог-ғалымдары Т. М. Баймолдаевқа,
А. Қ. Рысбаеваға, Ж. У. Кобдиковаға, Ә. Мұханбетжановаға
үлкен алғысымызды білдіреміз
Достарыңызбен бөлісу: