Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет273/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

- иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын – еңбек гигиенасы;
- бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған - коммуналдық радиациялық гигиена.
Жоғарыда аталғандардан, радиациялық гигиенаның негізгі міндеттері болып табылатындар:
1. ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.
2. ИС-тің қолайсыз әсерінен қорғану шараларының жалпыға және жеке адамға арналған кешенін жасау.
3. Қоршаған ортаның негізгі нысандарының (ауаның, суаттардың, топырақтың, тағамдық азықтардың) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.
4. Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын алу жөнінде шаралар дайындау.
Аталған міндеттерден басқа, бұл ғылымның алдында терең зерттеулерді қажет ететін, әлі де бірқатар мәселелер тұр. Бұл мәселелерді шешу тұрмыс жағдайын және қоғамның денсаулық деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мысалы, дозиметрлік бағытында сәулеленудің негізгі табиғи көздерінің де, және жасанды көздерінің де есебінен (медициналық диагностикалық сәулеленуге ұшырауы, техногендік көздерінен сәулеленуге ұшырауы) халықтың әр түрлі контингенттерінің сәулеленуге ұшырау деңгейлері туралы мәліметтер алуды жеделдету қажет.
Радиобиологияда «аз дозалардың» эффектісі деп аталатын, аса маңызды және күрделі мәселеге басты назар аударылуы тиіс.
Сәулеленуге ұшыраумен байланысты канцерогенді қауіп – қатердің өлшемін анықтау, қызметкер мен халықты радиациядан қорғауды қолайлы етуге мүмкіндік берер еді.
Сыртқы сәулелену мен ішкі сәулеленудің қатар зақымдандыратын (сыртқы сәулеленумен қатар радионуклидтердің бір уақытта әр түрлі жолдармен ағзаға түсуі кезіндегі) эффектілерін, сондай-ақ ИС-тің аралас және қоршаған ортаның басқа да факторларымен қабаттасқан әсерлерінің эффектілірін зерттеу күрделі, бірақ маңызды мәселе болып табылады. Қоршаған ортаның белсенді заттармен ластануына радиациялық бақылауды оңтайландыру жөнінде күрделі мәселелер бар.
Ядролық энергетиканың экологиялық мәселелерін шешу өзекті мәселе болып табылады. 1986 ж Чернобыль АЭС-де болған оқиға, АЭС-қа тікелей жанасып жатқан жерлер де кіретін, барлық аумақтарда қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасау қажет екенін көрсетіп отыр.
Бұл жерде экологиядағы, өз алдына бір бағыт болып бөлінген, радиациялық экология түсінігіне тоқтала кету керек. Радиациялық гигиенадан айырмашылығы, радиациялық экологияның негізгі міндеті қоршаған ортаның радиациялық факторларының бүтіндей биосфераға және әсіресе, адам популяциясының денсаулық көрсеткіштеріне әсер етуін, сондай-ақ, радиацияның, адамды қоса есептегенде, барлық тірі ағзаларға зиянды әсерін болдырмау немесе оған мүмкіндік болмаса, шектеу мүмкіншіліктерін зерттеу болып табылады. Яғни, радиациялық гигиена мен радиациялық экологияның адамға қатысты міндеттері бірдей болып келеді.
Қазақстан Республикасындағы радиациялық жағдайды қолайлы деп айтуға болмайды. Бірқатар аймақтардағы жоғары табиғи радиациялық фонға көптеген потенциалды қауіпті белсенді көздер қосылады. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстан аумағындағы белсенді қалдықтардың жалпы мөлшері 200 млн.т. құрайды, жалпы белсенділігі - 15,5 млн.Кu. Салыстыру үшін келесі мәлеметтерді келтіруге болады, Чернобыль АЭС-де болған апаттың белсенді шығарындылары – 50-55 млн.Ku болды. Яғни, біздің еліміздегі қалдықтар көлемі Чернобыльдегінің үштен біріне тең, тек олар кең аумақта таралған.
1997 ж Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттік - АТЭХАГ (МАГАТЭ) белсенді қалдықтармен байланысты іс-әрекеттер бойынша басқару мен есеп берудің халықаралық стандарттарын орнатуға бағытталған ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта, АТЭХАГ - тің белсенді қалдықтармен және жұмыс істеу уақыты біткен отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі жөнінде Конвенциясы бар, оған 42 мемлекет қол қойған, оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің мемлекетіміз, бұл Конвенцияға 1997 ж қыркүйек айында қол қойды. Бұл мәселеге біз оқулықтың тиісті тарауында толығырақ тоқталамыз.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы санитарлық нормаларды, ережелер мен ұсыныстарды дайындау және жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметі қажетті заңнамалық база дайындады, қабылдады және жұмыс істеуде, олар:

  • ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы заңы

  • ҚР Экологиялық кодексі

  • ҚР Атом энергиясын пайдалану туралы заңы

  • ҚР Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңы

Осы заңдардың негізінде, Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын нормативтік құжаттар жасалды. Оның негізгілері:

  • Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СП 2.6.1.758-99 - ҚР денсаулық сақтау ісі жөніндегі Агенттік, 1999.

  • Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық- гигиеналық талаптар. - Санитарлық ережелер мен нормалар - №5.01030.03; № 97. 31.01.03 ж. ҚР ДМ бұйрығы.

  • Тағамдық азықтардың қауіпсіздігіне және тамақтық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар. - Санитарлық ережелер мен нормалар - №4.01.071.03.; № 447; 11.06.2003 ҚР ДМ бұйырығы.

  • Сәулелік диагностика кабинеттерін жобалауға, күтіп ұстауға, пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. - № 303, 23.05.2008 ж. КР ДМ бұйырығы.

Қоғамда «антиядролық» қозқарастар бар екені белгілі. Көптеген адамдардың санасында атомның адамға сонша пайда әкелетін қабілеті емес, оны атом бомбасымен, АЭС-тегі апаттармен, радиация мен сәуле ауруларымен байланыстыратындығымен түсіндіріледі. «Радиофобия» термині бұрыннан белгілі (радиацияға әйтеуір бір қатысы бар барлық заттан қорқу). Бірақ, бұл құбылыс медициналық, психоэмоционалдық және әлеуметтік сфераларға тікелей қатысы бар объективті шындық түрінде қаралуы тиіс.
Бұл, белгілі бір дәрежеде радиациялық факторлардың табиғатына да байланысты – адамның сезім мүшелерінің ішінде иондаушы сәулелер туралы, оның деңгейлері мен қауіптілік тудыратын мөлшері туралы хабар беретін аппарат жоқ. Оған қоса, «радиофобия» тұрғындардың радиациялық гигиена турғысынан білім деңгейлерінің жеткіліксіздігіне де байланысты. Алайда, өкінішке орай бір жағынан радиофобияның» дамуына, екінші жағынан – көбнесе, жиі негізсіз рентгенологиялық зерттеулермен байланысты, адамда әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі қолайсыз салдарының пайда болу қауіп-қатері дамуына клиникалық профильдегі дәрігерлер де өз үлесін қосатынын көрсетуге тура келеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі де, радиациялық гигиенаның негізін әр турлі мамандықтағы дәрігерлер міндетті түрде білуі тиіс екендігін дәлелдейді, себебі олар белгілі бір білім деңгейін меңгеріп, ақыр аяғында халықтың шамадан артық сәуллеленуге ұшырауынан және радиациялық апаттарға байланысты, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын салдарының мөлшеріне едәуір әсер ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет