Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


-кесте Жұқпалы және паразиттік аураларды қоздырғыштарының



бет82/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

5.2.-кесте
Жұқпалы және паразиттік аураларды қоздырғыштарының
топырақта сақталу мерзімі



Ауру тудырушылар

Орташа сақталу мерзімі, апта

Ең көп сақталу мерзімі, ай

Сүзек-паратиф тобы

2-3

12 және одан да артық

Дизентерия тобы

1,5-5

шамамен 9

Тырсықақ тобы

1-2

4-айға дейін

Сарып таяқшасы

0,5-3

2-айға дейін

Туляремия таяқшасы

1-2

2,5-айға дейін

Оба таяқшасы

шамамен 0,5

1-айға дейін

Туберкулез таяқшасы

13

7- айға дейін

Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустары

10-13

6- айға дейін

*Е.И. Гончарук бойынша берілген, 2006.

Топырақ пен өсімдіктер, таспа құрттардың жеке бунақтары бар адам нәжістерімен ластану салдарынан, топырақ сиыр мен шошқа цепеньдері туғызатын биогельминтоздардың тарауына себеп болады. Оларды ірі қара малдар мен шошқалар жұқтырады, ал осы гельминттердің личинкалары бар етті пайдаланған кезде – адам жұқтырады. Айта кету керек, алайда, ластанған топырақтан алынған азық-түлік өнімдері ас қорыту жолына түскенде, адам сиыр цепенінің аралық иесі де бола алады.


Топырақтың, содан кейін көкөністердің, аскөктің, судың эхинококтердің жұмыртқаларымен немесе жетілген бунақтарымен ластануы адамның ауыр паразиттік ауруы – эхинококкоз пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы, сондай-ақ оның түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылатын шыбын, бүрге, москиттер личинкалары дамитын орта екендігіне байланысты. Бұдан басқа, топырақта кенелер мен трансмиссивті инфекциялардың кейбір басқа тасымалдаушылары, сонымен қатар қауіпті антропозооноздардың – оба, туляремия, лептоспироз, құтыру ауруларын туғызатын кеміргіштер де мекендейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет