Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


-кесте Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу



бет126/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

8.1.-кесте
Жұмысқа қабілетті халықты (ер адамдарды) дене жұмысына белсенділік коэффицентіне байланысты топтарға бөлу


Топ

ДЖАК

Кәсіп түрлері.

1. Негізінен, ой жұмысымен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жеңіл.

1,4

Ғылыми қызметкерлер, гуманитарлық мамандықтардың студенттері, ЭЕМ (ЭВМ) операторлары, бақылаушылар оқытушылар, диспетчерлер, басқару пульттарында жұмыс істеушілер т.б.

2. Жеңіл жұмыс түрімен айналысатын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жеңіл.

1,6

Трамвай, троллейбус жүргізушілері, конвейрлерде жұмыс істейтін адамдар, таразышылар, қораптаушылар, тігіншілер, агрономдар, мейірбикелер, санитаркалар, байланыс, қызмет көрсету қызметкерлері, өнеркәсіп тауарларын сатушылар т.б.

3. Ауырлығы орташа жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі орташа.

1,9

Слесарь, қондырғы орнататындар, станокта жұмыс істейтіндер, бұрғылаушылар, экскаваторлардың, буьдозерлердің, автобустардың жүргізушілері, дәрігер-хирургтер, тоқымашылар, етікшілер, теміржолшылар, көмір комбайндарын жүргізушілер, азық-түлік сатушылар, сушылар, металлургтер, доменщиктер, химиялық зауыттарда жұмыс істеушілер т.б.

4. Ауыр дене жұмысын орындайтын адамдар, дене жұмысы белсенділігі жоғары.

2,2

Құрылыс жұмысшылары, бұрғышылардың көмекшілері, проходчиктер, мақта терушілер, ауылшаруашылық жұмысшылары мен механизаторлардың негізгі бөліктері, сауыншылар, егіншілер, ағаш өңдеушілер, металлургтер мен құюшылар және басқалар.

5. Өте ауыр жұмыс істейтін адамдар, дене жұмысы белсенділігі өте жоғары.

2,5

Егін егетін және егін жинайтын кезеңдердегі механизаторлар мен ауыл шаруашылық жұмысшылары, тау-кен жұмысшылары, ағаш шабатындар, бетонщиктер, тас қалағыштар, жер қазушылар, жұмысы механикаланды-рылмаған жүк тасушылар, бұғы өсірушілер т.б.

8.1. - кестеде көрсетілген топтарға бөлу ер адамдарды қамтиды. Әйел адамдарды топтарға бөлу осыған ұқсас, бірақ 5-ші тобы жоқ, себебі, әйел адамдар бұл топтағы кәсіп түрлерінде жұмыс істемейді. Мұндай топтарға бөлу, тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі бірдей еместігіне байланысты:



  • әйел адамдарға тағамдық заттар мен энергия қажеттілігі, ер адамдарға қарағанда, 15 % төмен, бұл дене массасының аздау және зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендеу болуымен байланысты;

  • жас адамдарға (18-29 жастағы) қажеттілік, басқа жас санаттарымен салыстырғанда, жоғарылау, себебі, олардың өсу, даму үрдістері аяқталмаған, зат алмасу үрдістері қарқындылау (ассимиляция үрдістері диссимиляция үрдісінен басым);

  • балалар мен жасөспірімдерге тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінде, әр түрлі жас кезеңдерінде өсу, даму үрдістерінің қарқындылығы әр түрлі болуымен байланысты, айырмашылықтары бар;

  • қарт адамдарда зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы, дене жұмысына белсенділігі едәуір төмендеуімен және диссимиляция үрдістерінің ассимиляция үрдістерінен басым болуына байланысты, тамақтық заттар мен энергия қажеттілігі төмендейді.

“Тамақтану нормаларында” (8.2, 8.3 - кестелер) тамақтық заттар мен энергия қажеттілігінің абсолюттік мөлшері идеалды массасы (идеалды масса - берілген жасында, жынысында, бойының ұзындығында қалыпты болуы қажет массасы) 70 кг ер адамдарға, 60 кг әйелдерге арналып келтірілген. Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі, сондай-ақ, 1 кг идеалды массасына да, есептелуі мүмкін.
Тамақтану нормасы, тағам рационының тек сандық және сапалық адекваттылығын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, балансталғандығын, яғни, тамақтық заттардың, биологиялық белсенді қосылыстардың оңтайлы ара қатынастарын да қамтамасыз етеді. Рационды тұтас алғандағы (сандық) балансталғандығы және ақуыздары, майлары, көмірсулары, минералды заттары бойынша (сапалық) балансталғандығы деп бөледі. Рационды тұтас алғандағы балансталғандығы, оның құрамындағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың ара қатынастарымен анықталады. Рационның ақуыздары бойынша балансталғандығы, рациондағы жануар текті ақуыздардың үлесімен, амин қышқылдарының ара қатынастарымен, ақуыздарымен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Рационның майлары бойынша балансталғандығы, жануар текті және өсімдік майларының ара қатынастарымен, құрамындағы қөпқанықпаған, моноқанықпаған және қаныққан май қышқылдарымен және майлар арқылы қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығымен анықталады. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы, құрамындағы жай қанттардың, полисахаридтердің, пектин заттары мен жасұнықтың ара қатынастарымен, сондай-ақ, көмірсулардың есебінен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Минералды элементтерінің балансталғандығы, әзірге, негізінен кальцийдің, фосфордың және магнийдің ара қатынастары бойынша анықталады, себебі, басқа элементтер жөніндегі зерттеулер әлі жеткіліксіз. ДЖАК өскен сайын, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі өсетіні және ең жоғарысы дене жұмысы өте ауыр жұмысшыларда екені кестелерден көрініп тұр.
Мысалы, 1 - топтағы ер адамдар үшін, тәуліктік энергия қажеттілігі 2100-2450 ккал, келесі топтарда ол біртіндеп өсе береді де, 5 - топта 3750-4200 ккал құрайды. Әйел адамдардың тәуліктік рационының энергиялық құндылығы 1 - тобында 1800-2000 ккал да, 4 – тобында - 2800-3050 ккал. Әйел адамдарға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігі, жүкті және емізулі кезінде өседі (8.2.-кесте).
Нормаларда климат жағдайы да ескеріледі: солтүстік аудандарда энергия қажеттілігі, 8.2.,8.3.,8.4. - кестелердегі мәндермен салыстырғанда, 10-15 % көбейеді (басымырақ майлардың есебінен), оңтүстік аудандарда 5 % кемиді.
Энергия ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың тотығуы кезінде пайда болатыны белгілі, олардың 1 г әрқайсысына сәйкес 4,1; 9,3 және 4,1 ккал (калориялық коэффициенті) береді. Сонда негізгі энергия беретіндері - майлар мен көмірсулар, ақуыздарға көбінесе, пластикалық функция беріледі. Сондықтан да, тәуліктік рационның энергиялық құндылығының 56-57% көмірсулардың есебінен, 30 % майлардың есебінен және 11-12 % ақуыздардың есебінен қамтамасыз етілуі қажет. Егер, ағзаға түсетін ақуыздың санын 1 деп алсақ, онда балансталған тамақтану кезіндегі әр түрлі рациондардағы тағаммен ағзаға түсетін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың салмақтық арақатынастары, орта есеппен 1,0:1,2:5,0 болуы қажет. Ой еңбегі кезінде құрамындағы майлары біраз азаяды - 1,0:1,1:4,96, ауыр дене жұмысы кезінде ол, керісінше, көбейеді - 1,0:1,3:5,0 құрайды. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың балансталғандығы энергиялық құндылығының көрсеткіштерімен өзара байланыста орнатылуы қажет. Сондықтан, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың ара қатынастары тек саны бойынша емес, энергиялық құндылығы бойынша да балансталғандық формуласы қолданылады. Ақуыздардың энергиялық құндылығын 1 деп алсақ, ара қатынастары 1,0:2,7:5,0 болады, яғни әрбір ақуыз калориясына 2,7 майлардың және 5,0 көмірсулардың калориясы келеді. Осы формуланы қолданып және тағам рационының калориясын біліп, негізгі тағамдық заттардың қажеттілік мөлшерін оңай есептеуге болады.
Балалардың рационындағы негізгі тамақтық заттардың ара қатынастары, үлкен адамдармен салыстырғанда, айырмашылықтары бар. Анасының сүтімен тамақтанатын 3 айға дейінгі жасында 1,0:3,0:5,9, себебі, ана сүті ақуыздарының, майларының, көмірсуларының ара қатынастарын қайталайды. Қосымша тамақтандыру енгізген кезде, ара қатынастары өзгереді: 4-6 айлық жасында –1,0:2,3:5,0; 7-12 айда - 1,0:1,9:4,5. Бір жастан асқан балалардың рационындағы майлар мен көмірсулардың үлесі азаяды: 1-6 жастағы балаларда ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың арақатынастары 1:1:4,0, ал 7 жастан асқан балаларда –1:1:4,3 болады.
Балалардың рационында майлардың, көмірсулардың артық болуы, зат алмасуының бұзылуына, белоктардың пайдаға асуының нашарлауына, өсуі және дамуының артта қалуына, семіруіне, сусамыр ауруына әкеп соғатындығымен түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет