5.4-сурет. Екі ярусты тұндырғыш.
А – кесіндісі; Б – жоспары; 1 – су асты науасынан қалдық судың түсуі; 2-су асты науасы; 3-тұндыру астауы; 4- жартылай батырылған немесе жүзіп жүретін қалқа; 5- ағынды суға арналған жапқыш; 6-тұнбаны (лайды) шығару құбыры; 7 – тұнбаға арналған жапқыш; 8- тұнбаны түсіру; 9-ағынды суды шығаруға арналған науасы.
Тұндырғыштар арқылы өткен ағынды сұйықтың құрамында еріген органикалық заттар болады, олардың шіруі мүмкін. Сондықтан, механикалық тазартудан кейінгі келесі сатысы - суды биологиялық тазарту болып табылады. Оны табиғи (топырақтық, биологиялық тоғандарда) немесе жасанды әдістермен жүзеге асырады.
Топырақтық әдістермен залалсыздандыру - суландыру және сүзу алаңдары деп аталатын жерлерде жүргізеді. Сүзу алаңдары тек ағынды суларды тазарту үшін, ал суландыру алаңдары – тазарту және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін қолданылады. Суландыру алаңдарында, өнім егілген жүйектердің арасынан тереңдігі 0,5 м етіп, ұзын арықтар қазылады (5.5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |