Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет133/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

4. Процестік әрекеттер
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сәйкес ресурстар мен іс-әрекеттерді процесс ретінде қарастыру керек.
Кәсіпорынның процестік моделі көптеген бизнес-процестерден құралады. Олардың қатысушылары құрылымдық бөлімшелер мен кәсіпорынның ұйымдық құрылымының қызметтік тұлғалары болып табылады.
Бизнес-процесс дегеніміз мекеме, тұтынушы, клиент немесе тапсырушы үшін құнды болып табылатын нәтижені бірге жасайтын әрекеттердің бірнеше түрлерінің жиынтығы. Әдетте, тәжірибеде бизнес-процестің:

    • өнім өндірісі немесе қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның ағымдық әрекетінің функцияларының орындалуы жүзеге асырылатын негізгі бизнес-процесс;

    • ұйымның өндірістік және басқарушы әрекеті қамтамасыз етілетін қызмет көрсетуші бизнес-процесс түрлері қолданылады.

Бизнес-процестер бизнес-функциялардың орындалуы арқылы іске асырылады.
Процестік әрекеттерді қолдану кезінде кәсіпорынды басқару құрылымы :
- әрбір бизнес-процесс шеңберінде басқару;
- бүкіл ұйымдық деңгейдегі бизнес-процестердің тобын басқару деңгейлерінде қарастырылады.
Жеке бизнес-процесс пен бизнес-процестер тобын басқарудың негізі әсерлілік көрсеткіштері болып табылады. Оларға:
- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен шығындар;
- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен уақытты есептеу;
- бизнес-процестің сапа көрсеткіштері кіреді.
Процестік әрекеттерді тереңірек түсіндіру үшін Деминг-Шухарттың «Plan-Do-Check-Act» (PDCA) циклін қолдану қажет, яғни бұл – жоспарлау-жүзеге асыру-тексеру-әрекет. Бұл циклді қолдану ұйым жұмысының әсерлілігін көтеруге бағытталған процестерді үздіксіз жақсарту процесін нақты іске асыруға мүмкіндік береді.
Процестік әрекет негізінде мекеме жоспарлау, өнім немесе қызмет өндірісі және оны жеткізу процестерін анықтауы қажет. Процестерді басқару арқылы тапсырушылардың сұраныстарын қанағаттандырады. Нәтижесінде процесс нәтижелерін басқару процестің өзін басқаруға өтеді. Сондай-ақ ИСО 9001 бірқатар басқа процестерді енгізуді ұсынады (басшылық жағынан талдау жүргізу, түзетуші және ескертуші әрекеттер, сапа жүйесінің ішкі тексеруі, т.б.).
TQM–нің келесі сатысы әрбір бөлінген процесте ресурстарды пайдаланудың оптимизациясы болып табылады. Бұл әрбір ресурс түрінің пайдалануын қатаң бақылау және өнім өндірісі немесе қызмет көрсету шығындарын азайту мүмкіндіктерін іздеу жұмыстары арқылы түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет