Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет140/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

. Сапа жүйесінің құжаттар құрылымы


9.1-суретте сапа жүйесі бойынша құжаттардың құрылымы көрсетілген.
Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына мыналар кіреді:
1. сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы өтініш;
Жоғары басшылық арқылы ресми құрылған сапа саласындағы мекеме іс-әрекетінің жалпы ниеттері мен бағыттары. Ережеге сәйкес мақсаттар мынадай салаларға жатады:
– жаңа техника мен технология;
– өнімді жетілдіру немес жаңа өнім;
– тұтынушыларды қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;
– әлеуметтік мәселелер және персоналды қанағаттандыру;
– жеткізушілер, қалдықтарды азайту, ресурстарды үнемдеу.
Жүйе тек декларация ғана болмауы керек, мақсаттар нақты, қол жетімді, тексерілген болуы керек. Барлық тізбектелген бағыттарды «Саясатқа» жатқызу қажет емес. Жоғары басшылық мүмкіндіктерді анықтауы керек, 3-4 мақсат қоюы тиіс, яғни басқа бағыттар бойынша ешқандай жұмыстар жасалмайды, тек «Саясатқа» жарияланған мақсаттар бірінші, біршама маңызды болып саналады. Жоғары басшылық міндетті «Саясатты» қолдап ғана қоймай, шын мәнінде сол мақсаттарға қол жеткізуі керек.

2. Сапа бойынша басшылық. Барлық сапа жүйесін бүтіндей сипаттау. Құрылым ИСО-9001 стандартының құрылымына немесе басшылық пен стандарт бөлімдерінің корреляциялық сәйкестік кестесіне сәйкес келуі керек.
3. Халықаралық стандарт талап ететін құжатталған процедуралар (құжаттандыру деңгейі, сипаттаудың тереңдігі мен толықтығы) мекеме көлемі мен әрекетінің түріне, процестердің өзара әрекеті мен күрделілігі, персоналдардың біліктілігіне тәуелді анықталады. Құжаттарды басқару бойынша процедуралар сапа туралы жазбаларды басқару бойынша, ішкі тексерулерді жүргізу бойынша, сәйкес емес өнімді басқару бойынша, түзету әрекеттері бойынша, ескерту әрекеттері бойынша процедуралар.
4. Мекемеге әсерлі жоспарлауды қамтамасыз ету үшін, процестерді жүзеге асыру және оларды басқару үшін қажетті құжаттар (бөлімшелер туралы жағдайлар, қызметтік инструкциялар, регламенттер, технологиялық инструкциялар);
5. Сапа туралы жазбалар – бұл талап кәсіпорынның ерекшеліктерін, тәжірибені және т.б. өте қатаң ескереді, яғни кәсіпорын жазбаларды қандай түрде жүргізу және сақтау керектігін өзі анықтайды. Кестеде ИСО-9000 стандартында талап етілетін жазбалардың барлық типтері үшін бірқатар мүмкін болатын нұсқалары келтірілген:

9.1-кесте.


Жазбалардың мазмұны

Мүмкін болатын жазбалар түрі

Басшылық жағынан талдау

Талдау актілері, «сапа күнінің» хаттамалары, жиналыстар хаттамасы

Персоналға білім беру, дайындау, персонал тәжірибесі

Қызметкерлердің жеке істері, журналдар, кадрлар бөліміндегі карточкалар.

Процестердің талаптарға сәйкестігі

Сынаулар хаттамасы, процесс журналы, сынаулар актісі

Өнімге қойылатын талаптар талдауы

Пікірлері туралы хаттама

Жобалау мен дайындаудың кірістік мәліметтері

Дайындауға ТТ

Жобалау мен дайындаудың талдауы

Жоба бойынша қорытынды

Жобалар мен дайындауларды қарастыру

Жобаны қабылдау актісі, рецензент пікірі

Жобалау мен дайындауды растау

Актідегі растаушы

Жобалау мен дайындаудың өзгерістері

Өзгеріс туралы мәлімдеме

Жеткізушілер бағасының нәтижелері

Сенімді жеткізушілер реестрі

Өндірісті қамтамасыз ету процестерінің валидациясы

Арнайы процестерді тексеру хаттамасы, зерттеу актісі, операциялық бақылау журналы

Өнім идентификациясы

Биркалар, шильдиктер, жапсырмалар

Тұтынушының меншігі жоғал-ған, бүлінген немесе пайдала-нуға жарамсыз деп танылған

Ақау туралы мәлімдеме, ақаулық ведомость, акт

Бақылау және өлшеу құралда-рын мөлшерлеу мен салыстыра тексерудің нәтижелері

Мөлшерлеу туралы куәлік, салыстыра тексерудің графигі, құрал паспорты

Ішкі тексеру нәтижелері

Ішкі тексерудің графигі, ішкі тексерудің есептері мен актілері

Өнімнің қабылдау критерийлеріне сәйкестігі; өнімнің шығарылуын санкциялаушы тұлға

Қосымша қабылдаулар, ОТК қабылдауының актісі, сәйкестік сертификаты

Сәйкессіздік сипаты, жүргізілген іс-әрекеттер

Ақаулар классификаторы, ауытқуларға рұқсат карточкалары, ақауға шығару актісі

Жүргізілген түзетуші іс-әрекеттердің нәтижелері

Бақылау карточкасында белгілеу, түзетуші әрекеттер жоспарында белгілеу

Жүргізілген ескертуші әрекеттердің нәтижелері

Бақылау карточкасында белгілеу, түзетуші әрекеттер жоспарында белгілеу, жиналыс хаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет