ISO 14000 – бұл қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттар жүйесі. Осы стандарт талаптарына сәйкестік сертификаттарының саны 111мыңға жуық. Дженерал моторс және Форд компаниялары өз жеткізушілерінен олардың өнімдері ISO 14000 стандартының талаптарына сәйкес болуын талап ететінін жариялады.
ИСО 9000 сериялы стандарттарының азық-түлік саласына бағытталуы үшін 2001 жылдың қараша айынан ИСО 15161-2001 «ИСО 9001:2000 стандартын азық-түлік өнеркәсібі мен сусындар өндірісінде пайдалану бойынша жетекші нұсқаулар» стандарты енгізілді. Өндірістің бұл саласында қазіргі уақытта «Тәуекелділіктер мен критикалық нүктелер талдауы – ХАССП (НАССР- Hazard analysis and critical control points)» салалық сапа бағдарламасы енгізіліп жатыр, ол АҚШ-та жасап шығарылған. Бұл бағдарлама сапа жүйесінің ИСО 9000 стандарттары негізінде ары қарай дамуы болып табылады. Содан кейін ХАССП талаптарына сәйкес келетін азық-түліктік кәсіпорындар сертификаттау бойынша ИСО 22000:2005 стандарты қабылданды.
2002 жылы ИСО комитеттері ИСО 19011 «Сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта аудиті бойынша жетекші нұсқаулар» стандартын дайындады және енгізді. Бұл стандарт сапа түсінігінің болашақтағы гуманизациясына бағытталған. Сапа мен экологиялық қауіпсіздік бірыңғай ұғымдарға айналды және осы екі критерий бойынша сертификаттау бірдей уақытта жүргізіледі.
2006 жылдың аяғына қарай ИСО 9000 сериялы стандарт талаптарына сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын Қытайда 162 мыңға жуық, Ұлыбританияда 46 мыңға жуық, Италияда 105 мыңға жуық, Германияда 46 мыңға жуық, АҚШ-та 45 мыңға жуық, Жапонияда 80 мыңға жуық, Франция мен Оңтүстік Кореяда 25 мыңға жуық мекемелер мен фирмалар алды. 2009 жылы бүкіл әлемде барлығы 175 елге 1 млн-ға жуық сертификат берілді.