Стандартпен тағайындалған көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар, талаптар ғылым, техника және өндірістің әлемдік деңгейіне сәйкес болуы керек. Олар даму тенденциясын ескеруі, өнімнің жаңа сапасының тиімділігін жасауы, материал және пайдалану шығындарын ескеретін сапаның экономикалық оңтайлы көрсеткіштерін тағайындауы тиіс. Аз шығынмен жоғары тиімділікке қол жеткізу керек.
Уақыт өте стандарт талаптарын қатайту жағына қарай қайта қарау қажет, өйткені бүгін оңтайлы экономикалық шығынмен қол жеткізген параметрлер, ертең күнделікті болып қалады. Мысалы, азаматтық ұшақтар мен автомобильдердің шу деңгейі немесе теледидар мен компьютер мониторларының сәулелену деңгейі стандарттары. Стандарттарды қайта қарастыру өнім өндірушілерді өз өнімдері мен олардың сапасын әрдайым жақсартып отыруға мәжбүр етеді. Бұл принцип озық стандарттауда қолданылады.
Озық стандарттау дегеніміз – болжауға сәйкес, жақын болашақта оңтайлы болатын, стандарттау объектілеріне тәжірибе жүзінде қол жеткізген жоғары деңгейдегі нормалар мен талаптарды тағайындайтын стандарттау.
3. Стандарт бұйымдарды функционалдық өзара ауыстырымдылықпен қамтамасыз ету принципі Бұйымның өзара ауыстырымдылығын пайдалану көрсеткіштерімен қамтамасыз етуге болады. Ескінің орнына келетін машинаның немесе жабдықтың жаңа конструкциясы оның функционалдық қызметін ауыстырып отыруы қажет, мысалы, автомобиль тарихы 100 жылдан асады, бірақ барлық модельдер бір-бірін функционалды ауыстырып отырады. Жүргізушіге жаңа модельді жүргізу үшін қайтадан оқып үйренудің қажеті жоқ. Сондай-ақ түрлі қажеттілікке арналған автомобильдер, мысалы, жүк машинасы немесе жеңіл машина бірдей жүргізіледі. Кешендік және озық стандарттауда, сонымен қатар бұйымдар мен техникалық шарттарды стандарттауда бұл басты принцип болып саналады. Осы принцип негізінде машиналарды, аспаптарды және т.б. бірдейлендіру мен агрегаттау құрылады.