Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері: ҚР-ға әкелінетін өнімдердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізу;
Өнімді өндіру кезеңінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына тексеру жүргізу;
Тұрғындарға қызмет көрсетуде және жұмыс жүргізуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;
Аккредиттелген сынау зертханаларының және сертификаттау органдарының қызметіне тексеру жүргізу;
Аккредиттелмеген зертханаларда өнімдерге сынау жүргізуде нормативтік құжаттар талаптарының, метрологиялық ережелердің сақталуына және ӨҚ–ның жағдайына тексеру жүргізу;
Сертификаттау ережелерінің және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының бұзылуын анықтау бойынша жекелей және көтерме саудамен айналысатын өндірістерге рейд жүргізіп тұру;
Аккредиттеу және аттестаттау алдында сынау зертханаларына, сертификаттау органдарына тексеру жүргізуге қатысу;
Қолдану мен өндіруге жарамсыз болып табылған өнімдер мен тауарларды қайта өңдеу немесе жою жұмыстары бойынша комиссияларға қатысу.