Жаңа заманға сай өлшеуді дамытудың бағыттары мен жағдайы Тұрақты түрде өлшеудің дәлдігін жоғарылату талап етіледі. Бұл тапсырманы шешудің негізгі жолдарының бірі – физикалық эталондардың иерархиялық қағидадан автономды қағидаға өтуі.
Автономдылық – бұл өлшеу құралдарына (ӨҚ) белгілі жоғары дәлдіктегі табиғат константаларының негізінде өлшемдерді қолдану болып табылады. Фундаменталды табиғат константалары – бұл жарық жылдамдығы, электрон массасы (физикалық шамалар) немесе атақты Планк тұрақтысы формуласына кіретін сандық коэффициенттер және т.б. Бұл шамалар тәжірибе жүзінде мүлде өзгермейді.
Автономдық өлшемдер иерархиялық салыстырып тексеруді талап етпейтін, дәлдігі жоғары ӨҚ-н құрастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кванттық метрология негізінде аспаптар жасалуда, олар электромагниттік сәулеленудің атом бөліктерімен өзара әрекет етуіне негізделген. Осы қағидамен жиіліктің, уақыттың, ұзындықтың және т.б. шамалардың эталон бірліктері дайындалған.