Иілмелі өндірістік жүйелердегі автоматтандырылған бақылау жүйесі. Автоматтандырылған бақылау жүйесі (АБЖ) иілмелі өндірістік жүйеде (ИӨЖ) өндірілетін бұйымдардың барлық номенклатурасын толық геометриялық бақылау үшін дайындалған.
Бұл бұйымдардың номенклатурасы бірнеше мыңға жетуі мүмкін.
Бұл функциядан басқа АБЖ ИӨЖ-нің барлық жүйелеріне жиынтықтық бақылау жүргізеді, кесу режимдерін, құралдарды таңдайды және олардың жағдайларына бақылау жүргізеді, майлайтын-суытатын сұйықтықтарды, дайындаманы береді және өшіреді, т.б.
АБЖ-н енгізу кезең-кезеңімен максималды экономикалық және техникалық тиімділіктің есебімен жүргізіледі. Бірінші кезеңде – иілмелі өлшемдік модульдерді, электрондық бақылау құралдарын, координатты-өлшеу машиналарын қолдану жүзеге асырылады; екінші кезеңде – жұмыс істейтін технологиялық комплекстер мен иілмелі өндірістік модульдер деңгейінде АБЖ-нің құрылымы енгізіледі; үшінші кезеңде – функцияларын біртендеп кеңейту арқылы АБЖ-нің элементтерін толық жинайды.