Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет95/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2. Индуктивтік (4.12–сурет) – жұмыс істеу принципі бақыланатын бұйымның өлшемін өлшеу кезіндегі тұйықталған дросселдегі саңылаудың және ауыспалы ток шынжырында кедергінің өзгеруіне негізделген. Өлшенетін шама шынжырда ағып өтетін токтың шамасына анықталған тәуелділікте болады. Сорттау, реттеу, басқа басқарушы үрдістер арнайы релелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Индуктивті түрлендіргіштердің магниттік шынжыры өте кіші саңылаулардан тұрады, өлшенетін шаманың еленбейтін мәнге өзгеруі салыстырмалы түрде магниттік кедергінің үлкен өзгерісіне сәйкес келеді.
Цехтық өлшеулерде бұйымдардың нақты өлшемдерін анықтауда осы типтегі аспаптарды қолдану ұсынылады. Бұл аспаптардың артықшылығы түрлендіргіштерінде аспаптың сенімділігін, ұзақ қызмет етуін төмендететін, бұзылуына алып келетін сезімтал тіректердің, шарнирлердің, контактілердің жоқ болуы болып табылады.
Индуктивті түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі қос электромагниттік өлшеу катушкаларының арасына жылжымалы якорьді орналастыру бақыланатын бұйымның шамасымен анықталады. Егер якорь катушкалардың ортасында орналасса, онда қос катушканың саңылаулары мен индуктивтілігі тең. Егер якорь катушкалардың біріне жақын орналасса, онда жақын орналасқан катушканың кедергісі артады, ал келесі катушканың кедергісі азаяды. Бұл өзгеріс бақыланатын шаманың өлшемі болып табылады.
Якорьді орта жағдайға орнату калибр мен соңғы өлшемдердің көмегімен жүзеге асырылады.
Электроконтактілік аспаптармен салыстырғанда, бұл құрылғылардың құны жоғары, бірақ артықшылықтары көп: өлшеу тілшесіне кері механикалық әсері жоқ, эксплуатациялауда сенімді, өлшеу тапсырмасына қатысты бірнеше шақтама өрістерін орнатады.
3. Сыйымдылықтық (4.11–сурет) – жұмыс істеу принципі бақыланатын өлшем өзгергенде саңылаудың шамасы немесе конденсатор пластиналары арасындағы жабу ауданының өзгеруіне негізделген, яғни сыйымдылықтың өзгеруін туғызады. Сыйымдылықты өлшеу тек сезімталдығы жоғары аспаптарды қолданумен, жиілігі жоғары әдістердің көмегімен жүзеге асады. Бұл аспаптардың артықшылығы – жеңіл және қатты қозғалмалы электродтарды дайындауға және өзінің жоғары жиілікке жетуіне мүмкіндік береді, индуктивті аспаптармен салыстырғанда, конденсатор пластиналарының арасындағы күш катушкадағы индуктивтік күштен әлдқайда аз болғандықтан, сыйымдылықтық түрлендіргіштер өлшеу тілшесіне өте аз кері әсерін тигізеді.
Құрылымы жағынан түрлендіргіштің экраны, қоршалуы жақсы болу керек және қолдануға қарапайым болуы тиіс. Оларды бір пластинасы қозғалмалы болып келетін, екі немесе үш пластиналы конденсатор түрінде дайындайды.
4. Фотоэлектрлік – жұмыс істеу принципі төмендегідей, ақпаратты электрлік сигналдарға, түрлендіретін фотоэлементке өлшеу ағзасын орналастыру туралы ақпарат жарықтық сигналдар түрінде келіп түседі.
Оптикалық өлшеу құралдары ретінде өлшеу растрларын, дифракционды торларды, штрихтық өлшемдерді, кодтық торларды, толқын ұзындықтарының шкалаларын пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет