Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет94/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1. Электроконтактілік – бақыланатын шаманың анықталған өзгеруін жүйенің орындаушы элементтерімен басқаратын электрлік шынжыр контактілерін тұйықтау (ажырату) арқылы электрлік сигналға түрлендіреді. Контактілерді әдетте, вольфрамнан, ал металлдардан өте сирек дайындайды. Аспаптың қосылуы бақыланатын бұйымның өлшеміне қатысты өлшеу құрылғысының үзгіші іске қосылған кезде жүргізіледі. Егер рычагтың үзгіші контактілермен контактіге түспесе, онда бұйым шақтамада дайындалған. Егер бұйым шақтама өрісінің шегінен шығып кетсе, контактілер тұйықталады және шам жанады немесе қоңырау іске қосылады.
Түрлендіргіштер әрекет ету қағидасы бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ – параллель соңғы өлшемдер мен калибр бойынша бөлінулері болмайтын дәл орнату винттерінің көмегімен орнатылады.
2-топ – саңылау бойынша бақыланатын бұйымның номиналды өлшемдегі бір калибрінің көмегімен нөлдік деңгейге орнатылады. Түрлендіргіштің көмегімен өлшенетін өлшемнің шектерін, ал оның шкаласы бойынша бақыланатын бұйымның нақты шамасын орнатады.
Кейбір шкалалы аспаптармен немесе қатты калибрлермен салыстырғанда бұл құралдармен бақылау жүргізудің артықшылықтары бар. Онда бақылау уақытын қысқартуға болады, қателігі аз өлшемді алумен бақылаушы аз шаршайды. Бұл артықшылықтар бақылау – өлшеу аспаптарын көпөлшемді етіп жасауға мүмкіндік береді, ондай аспаптарда электроконтактілік түрлендіргіштер бұйымды өлшеу жағдайына 1-рет орнатқанда автоматты түрде бірнеше өлшемді тексеретіндей етіп орналастырылған.
Импульстарды түрлендіргіш контактілерінен дәл релелерге беретін арнайы тілшелерге әсер ететін электромагниттерді қолдана отырып, автоматты бақылау-саралау аспаптары жұмыс істейді.
Бұл түрлендіргіштерді басқарушы импульстарды жетекке немесе беруші механизмге беру үшін басқарудың үйретілген жүйелерінде қолданады.
Барлық бақыланатын бұйымдардың жиынтығын есептейтін электроесептеуіштері бар сигнал шамдарын өлшеу шынжырларына қосу жолымен, өлшемді бақылау операциясымен бір уақытта технологиялық үрдістердің сапасын бағалауға арналған мәліметтерді алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет