Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет91/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Өлшеу микроскоптары. 3 координат бойынша контактсіз өлшеуге тағайындалған оптикалық құралдар. Өлшеу объектісін АБ (5.8-сурет) конденсаторы К бар ИС жарық көзі мен объективтің ОБ арасына орналастырады. Жарық ағыны объективтен өте отырып, кері ұлғаюды және экранда Э көрінетін нақты көріністі А1Б1 береді. Окулярды ОК пайдалану арқылы кері және өте үлкейтілген көріністі А2Б2 алады. Бұл аспаптардың өлшеу қателігі 0,3 мкм-ге дейін.


5.3. Пневматикалық өлшеу құралдары

Өлшеу ақпарттарының түрлендірілуі ауа магистралінде қысылған ауаның параметрлерін, яғни оның үлкен емес тесіктен өтуі кезінде өлшеу арқылы жүзеге асырылады.


Сызықтық өлшемдерге арналған барлық пневматикалық аспаптардың жұмыс істеу принципі газдық механиканың жағдайына негізделген, мысалы, кандай да бір магистральдің камерасында ауа қысымда тұрсын және осы ауа номиналды тұрақты қысыммен атмосфераға үлкен емес тесіктен шығарылады, онда уақыт бірлігіне қатысты осы тесік арқылы шығатын ауа шығыны тесіктің өту қимасының ауданына және магистраль ішіндегі қысымға байланысты болады.
Тұрақты қысымда шығын тек өту қимасының ауданына тәуелді болады. Егерде ауа ағынын тарату жолында тесікке жақын жерге кедергі орнатылса, онда тесік маңындағы ауаның шығыны және магистраль ішіндегі қысым өзгереді.
Өлшеу объектісін белгілі – бір ара қашықтықта аспаптың түтікшесінің ернемегінің алдына орналастырады. Объекттің өлшеміне қатысты саңылау (объект пен түтікше ернемегінің арақашықтығы) өзгереді, осыдан ауа шығыны да өзгереді (уақыт бірлігінде калибрленген тесіктен – түтікшеден өтетін ауа көлемі).
Әдетте аспапты ұзындықтың соңғы өлшемдеріне немесе үлгілік бөлшектің өлшеміне қарай орнатады.
Аспап ауаны тазалайтын және қысымын қалыптандырып отыратын ауаны дайындау түзілімінен, өлшенетін объектінің анықталатын мәніне байланысты ауа өткізгіштегі қысымның немесе шығынның өзгеруін түрлендіретін есептік немесе командалық құрылғыдан, өлшеу объектісіне ауа шығатын бір немесе бірнеше түтікшелері (тесік диаметрі 1-2 мм) бар өлшеу жабдықтарынан тұрады.
Есептік құрылғыларының түрі бойынша аспаптарды ротаметрлік және манометрлік деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет