ӨҚ тексеру. ӨҚ тексеру үрдісі, яғни ӨҚ дәлдік сипаттамалары регла-менттелген мәндерге сәйкестігін және ӨҚ қолдануға жарамдылығын білу үшін ӨҚ қателігін анықтап, бағалау үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.
Тексеріс үрдісі бастапқы, кезеңді, кезектен тыс (мезгіл бойынша), инспекциялық, сарапшылық (мінездемесі бойынша) болып бірнеше түрге бөлінеді.
Әрбір ӨҚ периодты түрде тексеруден өтуі керек. Тексерісті арнайы стационарлы зертханаларда немесе ӨҚ орнатылған жерде жүргізеді.
Тексерістер Мемлекеттік (міндетті) және ведомстволық болып бөлінеді. Мемлекеттік тексерісте ӨҚ арнайы тізімі болады, ал ведомстволық тексерісті мұндай жұмысты өткізуге лицензиясы бар аккредитте тіркелген арнайы зертханалар өткізе алады.
Бастапқы тексеріс ӨҚ өндіріс орнынан шыққанда және жөндеуден өткеннен кейін жүргізіледі. Мемлекеттік бастапқы тексеріс арнайы реестрге қосылған ӨҚ үшін, мезгілдік тексеріс анықталған уақыт өткен соң өткізіледі. Ол қолдану мәліметтерімен және бастапқы дәлдікті жоғалту уақытымен қойылады.