Сынау жабдықтарын аттестаттаудан өткізу және оны ұйымдастыру Сынау жабдығын аттестаттау сынау жабдығының пайдалануға жарамдылығын анықтау және НТҚ талаптарына сәйкестігін, жабдық сипаттамаларының нормалық дәлдігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Жалпы ережелер ГОСТ 585-81 регламенттелген. Сынау жабдығының нормаланған дәлдік сипаттамасы дегеніміз – бұл сынау кезінде анықталған мерзім ішінде тұрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ұстап тұру шарттарын жабдықтың орындау және жаңғырту мүмкіндіктерін анықтайтын НТҚ көрсетілген сипаттамалары.
Қолдану саласына байланысты барлық жабдықтар жалпыөндірістік, салалық, арнайы қолданыстық болып 3 топқа бөлінеді. Аттестаттаудың алғашқы, кезеңдік және кезектен тыс деген үш түрі бар.
Алғашқы аттестаттауда сынау жабдығының сынау кезіндегі анықталған мерзім ішінде тұрақтылық пен дәлдікті берілген шекте ұстап тұру шарттарын жабдықтың орындау және қайта өңдеу мүмкіндіктерін анықтайтын НТҚ көрсетілген сипаттамаларын, сынау режимдерінің параметрлерін және өлшеу қателіктерін тіркеу, пайдалану барысында бақылау қажет дәлдік сипаттамалар тізімін құрастырады, келесі аттестаттауда және оның кезеңдігін, онда қолданылатын әдістер мен құралдарды, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздігі талаптарының орындалуын анықтайды.
Кезеңдік аттестаттауды алғашқы аттестаттауда анықталған мерзімде және көлемде сынау қызметінің өзі жүргізеді. Кезеңдік аттестаттау кезінде НТҚ сәйкес өнімнің белгілі бір түрін сынау үшін қажетті барлық сипаттамалар және мәндерді қамтамасыз ететін операцияның көлемі мен дәлдік сипаттамасының шекті номенклатурасын тексеруге болады. Кезеңдік аттестаттаудың бұл бағдарламасы бас метрологиялық қызметпен келісілген болуы керек.
Кезектен тыс аттестаттау сынау жабдығының тасымалдануынан кейін пайдалану үшін, ұзақ мерзім сақталап немесе жөндеу жұмыстарынан кейін және т.б. жағдайлардан кейін жүргізіледі. Тасымалданудан, сақтаудан және жөндеуден кейін жабдықтың сипаттамаларына әсер ететін жағдайларды, сонымен бірге жаңа ғимарат, жинақтау және монтаждау жұмыстарының әсер ететінін аттестаттау кезінде ескеру керек.