Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Тексеру жүргізушінің жұмыс орнын ұйымдастыру



бет106/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Тексеру жүргізушінің жұмыс орнын ұйымдастыру
Қызметкердің жұмыс орны – өнімді, тындырымды іс атқаруға ынғайлы болуы тиіс.
Сондықтан жұмыс орны төмендегідей шарттарға сай болғаны жөн:
– жұмыс орында қажетті жабдықтар, технологиялық құрал-саймандар, байланыс тораптары болуы керек;
– бұлардың оңтайлы орналасулары және жұмысқа ыңғайлы болулары қажет;
– қосалқы бөлімшелердің жұмыстары үзіліссіз сенімді жұмыс істеп тұруы шарт;
– еңбек қауіпсіздігінің барлық шарттары мұқият орындалуы тиіс.
Жұмыс орнын ұйымдастырған кезде адамның көру мүмкіндіктерін ескеру керек:
– Жұмыс аймағындағы шапшаң көру бұрышы –18º;
– Жұмыс аймағындағы тиімді көрініс бұрышы –30º;
– Шолу аймағындағы белгіленген жағдайда: көлденең бағытта – 120º, бұрылғанда – 220º, тігінен – 86º.
Адам сезетін өлшем мен пропорцияның дәлдігі тігінен қарағаннан гөрі көлденең қарағанда жақсырақ. Түстерді қабылдаудың шектері: сары – 120º көлденең бағытта, 95º тігінен, көк – 100º көлденеңнен, 80º тігінен, қызыл, жасыл – 60º көлденеңнен, 40º тігінен.
Жұмысты отырып істеуде – орташа жұмыс аймағы мынадай шекараны қамтиды: биіктік 600-1200 мм, тереңдік – 500 мм, аймақ – 500 мм.
Басқару органдары. «Қосу» және «Тоқтау» кнопкаларының арақашықтығы 100 мм-ден кем болмауы тиіс. Кнопкалар түстері:
– Қызыл – авариялық тоқтату;
– Сары – қозғалудың реверсиясы үшін;
– Жасыл – қозғалтқышты қосу, автоматты циклді қосу үшін;
– Ақ, көк – қосымша операциялары.
Сигнал лампаларын қосу және сөндіру индикациясы және авариялық жағдайларда қолданылады.
Санитарлы-гигиеналық талаптар микроклимат, сәулелену, ауаның тазалығы, жарықтандыру, шу, дірілді және т.б. қоса алады. Қауіпті және зиянды өндіріс факторлары МСТ 12.0.003-74 сәйкес реттеледі.
1) Микроклимат – ауаның температурасы, ылғалдылық, ауаның жылдам-дығы. Жылдың салқын мезгілі. Ауаның оңтайлы температурасы t0 = 16-22 0С (рұқсат етілген интервал t0 = 13–24 0С), оңтайлы ылғалдылық 60–30 % тең (рұқсат етілген интервал 75-30 %), ауаның оңтайлы жылдамдығы 0,3 м/с-тан аспауы керек (рұқсат етілген жылдамдық 0,5 м/с-тан көп емес).
Жылдың жылы мезгілі. Ауаның оңтайлы температурасы t0 = 15-18 0С (рұқсат етілген интервал t0 = 15-28 0С), оңтайлы ылғалдылық = 60-30 % (рұқсат етілген интервал 75-30 %), ауаның оңтайлы жылдамдығы 0,7 м/с-тан аспауы керек (рұқсат етілген жылдамдық 1,0 м/с-тан көп емес).
Микроклиматтың қажет параметрлері ағысты-сору вентиляциясымен, кондиционерлермен, ауаның ылғалдылығын қалыпты ұстаумен және жылытудың рационалды жүйесімен реттеліп тұрады.
2) Сәулелену
– Инфрақызыл сәулелену (толқын ұзындығы 0,74 мкм-дан артық емес болуы керек) өте қатты қарқынында организмнің ысып кетуіне алып келеді;
– Ультракүлгін сәулелену (толқын ұзындығы 0, 4 мкм-дан артық емес болуы керек) үлкен мөлшерде тері, көз, жүйке жүйесі ауруларына әкеліп соғады;
– Иондалған сәулелену, рентген сәулесі – рұқсат етілген деңгейден асқанда бірқатар аурулардың себепкері болады. Келесі мөлшерге бөлінеді: жұтатын мөлшер Dп – сәулеленген заттың салмағының бірлігінде жұтылған энергия. Мөлшер уақыт өте келе жиналады, өлшем бірлігі – Дж/кг (ӨҚ) немесе 1 рад= 10-2 Дж/кг, жарықталу уақыты – рентген және гамма сәулеленудің әсерінен ауаның иондалуы, пайда болған зарядтардың санымен өлшенеді, өлшем бірлігі Кл/кг (ӨҚ). Жүйеге енбеген өлшем бірлігі танымал-рентген ( 1 Р = 2,6х 10-4 Кл/кг).
Сәулелену мөлшері дозиметрмен өлшенеді. Сәулелену: жеңіл рентген сәулелену (қондырғының кернеуі 5-тен 100 кВ-қа дейін) және қатты рентген сәулелену (қондырғының кернеуі 100 кВ-тан асқан кезде) болып екі түрге бөлінеді.
– Электромагнитті сәулелену – сәулеленудің жоғары деңгейінде ағзада ауытқуға әкеледі;
– Радио толқындары;
– Оптикалық диапозонның сәулеленуі – лазерлі сәулелену.
3) Электр тогы – термиялық, электролиттік және биологиялық әсер етеді.
Термиялық – сыртқы және ішкі күйік, электролитттік – қанның және органикалық сұйықтықтың ыдырауы, биологиялық – тірі талшықтардың тітіркенуі мен қозуына әкеледі, талшықтардың бұзылуына, тыныс алудың ауырлауына және қан айналымның бұзылуына әкеліп соғады.
Адам баласы 50 Гц жиілікті ауыспалы токты 0,6-1,5 мА күшпен, ал тұрақты токты 5-7 мА күшпен сезеді.
4) Жарықтандыру шарттары. Көзі қалыпты көретін адамның ұсақ заттарды тек 50-70 лк жарықталуында көреді, максималды көз өткірлігі 600-1000 лк-да. Таза көру жұмыс орнының жарықталуынан және жұмыстың ұзақтығына байланысты. Жұмысқа байланысты жарықталудың: ортақ (барлық бөлме үшін), жергілікті (тек жұмыс орнында), құрамдастырылған түрлерін атап айтуға болады. Жарықталу табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи жарықталу кезінде жұмыс нәтижелілігі 10%-ға көбірек.
5) Шу. Шу өлшеуішімен өлшенеді және орта квадраттық дыбыс қысымы ретінде: L = 20 lg P/P0 формуласымен анықталады, мұнда Р – шу өлшеуіші бойынша дыбыстық қысым, P0 - 2х10-5 Н/м2 – орта квадраттық дыбыс қысымының бастапқы мәні, өлшем бірлігі - децибел.
Ауада дыбыстық қысым 10-5 Н/м2 есту табалдырығынан 103 Н/м2 реактивті ұшақ қозғалтқышы шығаратын шуға дейін өзгере алады. Шудың жиілігіне байланысты деңгейі болады: төмен жиілікті 115 дБ, орта жиілікті 100 дБ және жоғары жиілікті 90 дБ-ға дейін. Төмен жиілікте жағымды шу – 90 дБ, орта жиілікте – 75 дБ, жоғары жиілікте – 65 дБ. Дыбыс оқшаулағыш құралдарын қолдану шуды бәсеңдетеді. Мысалы, 3 мм фанера шуды 17 дБ-ге, 3-4 мм шыны шуды 28 дБ-ге азайтады. Жеке қорғаныш құралы ретінде шлем, құлаққап, тығын, т.б. қолданады.
6) Діріл – буындар мен бұлшықеттердің ауыруын туғызады. Діріл деңгейі нормадан аспауы керек. Жоғары дәлдікті зерттеулер жүргізгенде, барлық құрылғыларды жалпы құрылыс фундаментінен оқшауланған автономды фундаментке орналастыру қажет.

6.5. Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету


Өндірісті дайындаудағы метрологиялық қамтамасыз ету (ӨДМҚ) – технологиялық үрдістер мен құрал-жабдықтардың параметрлерін, шикізат, бұйым сипаттамасын талап етілген дәлдікпен анықтауды және оның сапасын жетілдіру және өндіріс шығындарын төмендетуді қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жиынтығы.
Мақсаты:
1) Өлшенетін параметрлердің ұтымды номенклатурасын және өлшеу дәлдігінің нормаларын құру;
2) Өлшеуді орындаудың техникалық үрдістерді кемеліне жеткізуді орындау;
3) Өндірісті ӨҚ-мен қамтамасыз ету;
4) Метрологиялық қызмет көрсету және ең алдымен, ӨҚ тексеруді қамтамасыз ету;
5) Нормативті-техникалық құжаттарда көрсетілген өлшеуді жасау шарттарымен қамтамасыз ету;
6) Өндіріс қызметкерлерін және метрологиялық қызмет жұмысшыларын ӨҚ басқару-өлшеу операцияларына, тексеруге, жөндеуге дайындау;
7) Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және оны өткізу.
ӨДМҚ жұмыстарын мекеменің конструкторлық, технологиялық және метрологиялық бөлімдері бұйымның бастапқы құжаттарын алғаннан кейін жүргізе бастайды.
Метрологиялық қамтамасыз етуді реттейтін ғылыми-техникалық құжаттарды (ҒТҚ) құру.
ӨДМҚ жүйесінде ҒТҚ маңызды рөл атқарады, онда метрологиялық жұмыстардың сипаттамасын толықтай түсетін номенклатура және мазмұны болады. Олар:
1) Мекемедегі жалпы ӨДМҚ жағдайы;
2) Метрологиялық қызметтің даму деңгейі;
3) Салалық құжаттарда метрологиялық қамтамасыз етудің толықтылығы және мерзімділігін үйлестіру;
4) Мекемеге технологиялық, құрылымдық және нормативті құжаттардың метрологиялық экспертизасының маңыздылық деңгейін көрсету;
5) Салыстырып тексеру және өлшеу құралдарын аттестациялау және құру сияқты факторларды біріктіреді.
ҒТҚ-да ӨДМҚ жұмыстарын реттейтін мекеменің нақтылы бөлімшелерінің жауапкершілігі, олардың істейтін қызметтері көрсетілуі шарт.
ӨДМҚ-дегі ҒТҚ жүйесіне мекеменің ұйымдастырушылық және әдістемелік саласындағы стандарттары кіруі қажет.
Ұйымдастырушылық стандарттары – жүйенің негізі болып табылады және бөлімшелер мен қызметкерлердің міндеттері мен өзара байланысын, метрологиялық жұмыстардың жүру тәртібін реттейді.
Әдістемелік стандарттар – өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен өлшеу дәлдігінің оптималды нормаларын, өлшеуді орындауды өңдеу және аттестацияны, метрологиялық экспертизаны жүргізуді, ҒТҚ, ӨДМҚ техника-экономикалық нәтижелілігін бағалауды реттейді.

6.6. Өлшеу әдістемелері (ӨӘ)

ҒТҚ құрылымына ӨӘ-ға міндетті түрде тек метрологиялық мамандарға қоса, құрастырушы және технологиялық қызметтегі мамандарды да жұмылдыру керек. ӨӘ типті және жеке болып бөлінеді. Типті ӨӘ бірнеше нұсқаларды: қолданатын әдістерді, құралдарды және өлшеудің шарттарын, нәтижелерді көрсету қалыптарын, дайындау және өлшеуді орындау алгоритмдерін қарастырады, яғни олар жеке ӨӘ-ға қатысты талаптарды қамтиды.
Стандарттау мен аттестация – әртүрлі ӨӘ реттеуші қалыптары. Типті ӨӘ стандарттауды талап етеді. Жеке ӨӘ аттестациядан өтуі тиіс.
Жеке ӨӘ операторы қолданатын арнайы ережелерді бекітеді, сонымен қатар өлшеу шарттары, құралдары және әдістеріне арнайы талаптар қояды және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштері сандық мәні ретінде өлшеу қателігіне баға беріледі.
ӨӘ аттестациясы – құралдар, шарттар, объектілерге, мақсаттарға және өлшеу алгоритмдері мен өлшеу дәлдігіне әсер ететін басқа факторларға нақты талаптар орнататын жұмыс құжаты.
Осы құжаттағы талаптардың сақталуы құжаттағы көрсетілген өлшеу қателігінен аспайтынын қамтамасыз етеді.
МСТ 8.010-72 бойынша метрологиялық аттестация – осы әдістемемен сәйкес өлшеу дәлдігі көрсеткіштерінің мәндерін анықтауға бағытталған зерттеулер. Аттестация кезінде өңдеу кезіндегі байқалған өлшеу қателігіне әсер ететін шарттар мен құралдарға қойылған талартарды дәлдеу жүргізіледі.
ӨӘ өңдеу кезіндегі негізгі талаптар. Өлшеу нәтижесін талап етілген дәлдікпен алу үшін:
– Өлшеу объектісін өлшеуге даярлау;
– Өлшеу шарттарын даярлау;
– Өлшеу құралдары мен өлшеу әдісін, қосымша құралдарын таңдау;
– Өлшеу құралдарының құрамы мен құрылымын даярлау;
– Өлшеу құралдарын қосу сұлбасын құру;
– Өлшеуді жүргізу тәртібін анықтау;
– Бақылау нәтижесін өңдеу және өлшеу нәтижесін табу әдісін таңдау сияқты ережелер мен нормаларды қамту керек.
ӨӘ-ға ҒТҚ рәсімдеу. ӨӘ-да ҒТҚ келесі негізгі бөлімдерді қосады:
1) ӨӘ қолдану аймағы мен қызметі. Өлшеу үшін қандай параметрлер және қандай режимдерде ӨӘ бекітілген, қандай диапозонда өлшенетін параметрлер мен мөлшерлер өзгеруі мүмкін;
2) Өлшеу құралдары, қосымша қондырғылар ӨҚ үшін қолданатын дананың типі мен нөмірлері, оларға талаптарды реттейтін ҒТҚ көрсетіледі. Бұл ҒТҚ -да ӨҚ тексеріс аралық интервалдары көрсетілуі тиіс. Көп жағдайда ӨҚ метрологиялық сипаттамалар тізімі беріледі, олар бойынша өлшеу дәлдігін қамтамасыз ететін ауыстыру жүргізіледі;
3) Өлшеу әдісі;
4) Дайындау операциясы алгоритмі және өлшеуді құру. Өлшеу объектісіне дайындау талаптарын қосады. Үрдіс кезінде техникалық құжаттарды тексеруді, жұмыс жағдайына басқарудың барлық органдарының, қосымша қондырғылардың қосылуы, дайындығы қарастырылады;
5) Оператор біліктілігіне талаптар;
6) Қауіпсіздік техникасына талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет