Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Механикалық сынау кезінде сынау жабдығын аттестаттау



бет111/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Механикалық сынау кезінде сынау жабдығын аттестаттау
Аттестаттаудың мақсаты – шекті массивтің негізінде сынау жүргізіліп отырған материалдың стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкестігін бірмағыналы механикалық қасиеттерін бағалау және белгілі шарт жағдайында пайдалану мүмкіндігін анықтау.
Жаңа материалдарды өңдеу кезінде, арнайы технологиялық процесті өңдегенде, әртүрлі орталардың және температураның әсеріне, материалдардың сипаттамаларына кешенді зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ қолданып жүрген әдістерді түрлендіріп жаңа сынау әдістерін өңдейді. Сынаудың тиімділігінің негізгі параметрлерінің бірі болып материалды пайдалану кезіндегі жұмыс істеу қабілетін анықтайтын сапа туралы мәліметтерінің толық ақпаратын беретін, өте аз сипаттамалар сипатын білдіретін критерлерді таңдау болып табылады.
Стандартты үлгілердің материалдарын шынайы құрылымдарда қолдану, механикалық қасиеттерін бағалау әрбір жағдай үшін үлгілердің сынау нәтижесін, сыну сипатын талдау және т.с.с. статистикалық өңдеу негізінде шешілетін өте қиын тапсырма болып табылады.
Сынау машиналарын және престерді аттестаттау тәжірибе кезінде жүктеме 106Н дейін –0,5-1%, 106Н артық–2-5% қателіктің күшеюінің үдеуін анықтауға әкеледі. Ең көп тараған тексеру әдісі, ол үлгілік динамометр немесе гирді қолданып тікелей өлшеу. Созу, сығу, майыстыру, бұрау және кесу статикалық жүктемеге сынауға арналған машиналар мен престерді тексеру сырттай қарап бақылау, жүктеме шкаласының көрсеткішін салыстыру, созу шкаласы бойынша көрсеткіштерін салыстыру, диаграммалық жабдықтың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асады.
Бұрауға сынау машинасын машинаға тіркелген тексеру рычагі көмегімен немесе үлгілік моментомер арқылы тексереді. Әрбір шкаланы 5 бөлшектен кем тексермейді.
Құрылыс материалдарын және құрылымдарын сығу мен майысуға, сынауға арналған престерді тексеру сығуға арналған үлгілік динамометрге статикалық жүктеме беру арқылы іске асырылады. Әрбір шкаланы 9 нүктеде тексереді.
Манометрлік күшөлшегіш аспап арқылы жүйедегі сұйықтықтың қысымымен гидравликалық престерді тексереді. Қысым күшін анықтау үшін жүйедегі үлестік қысымды поршеньнің ауданына көбейтеді.
Сынау машиналарын және престерді аттестатттау үшін үлгілік тасымалданатын 3-разрядты динамометрлер, үлгілік гирлер, рычагті аспаптар, бақылау үлгілері және т.б. қолданылады. Тасымалданатын үлгілік құралдарды:
1.Тексеріліп отырған өлшеу құралының тікелей жүктемесін қамтамасыз ететін;
2. Берілісті механизм тартылыс күшіне;
3. Серпімділік деформацияны өлшеуге негізделген деп бөлуге болады.
Бірінші топқа өлшеу шегі 10-20кН болатын 3-4 разрядты үлгілік гирлер, екінші топқа өлшеу шегі 300-500кН болатын үлгілік гирі бар рычагті аспаптар, үшінші топқа өлшеу шегі 40-60мН, қателік шегі 0,02- 005% болатын үлгілер жатады.
Механикалық және электромеханикалық динамометрлер кеңінен қолданылады. Механикалық динамометрлердің негізгі артықшылықтары қарапайымдылығы, өлшемдері, салмағы аз және бағасы қымбат емес, өлшеудің жоғары дәлдігі, сипаттамаларының тұрақтылығы, қорек көзінің болмауы, қызмет ету уақытының ұзақтығы және сенімділігі болып табылады.
Сынау жабдықтарының кейбір түрлерін аттестаттау
Климаттық сынау камералары - бұл өнімге климаттық сыртқы әсер етуге сынауды жүргізуге арналған күрделі техникалық құрылғы (температура, ылғалдылық, ауаның қысымы, тұман, жаңбыр және т.б.)
Камераны аттестаттаудан өткізген кезде камераның температураны жаңғырту шегін, яғни өте жоғары және өте төменгі температураны, камерадағы температураның орташа мәнін, температураны өлшеу қателігін, өте жоғары және өте төмен температураға жету уақытын, камераның әр жеріндегі орта температураның әртүрлілігін, температураның таралуының әртүрлілігін, берілген мәннен камера көлеміндегі температураның ауытқуын, камерадағы ауаның айналу жылдамдығын және т.с.с жағдайларды анықтайды. Камерада температураны алу шегі 100-300°С дейін, ылғалдылық 20-дан 100% дейін болады.
Дірілге және соққыға сынау жабдықтары бір реттік және көп реттік соққы жүктемесін, соққылық жүктеменің күрделі түрін, соққылаудың өзгеше талаптарын қайта өңдейді.
Соққылау процесінде қозғалыссыз және қозғалмалы бөліктері бар тежеуішті құрылғы арқылы жүктеме беріледі. Осы уақытта қозғалмалы бөлікті қажетті жылдамдықта итереді. Сынау объектісін құрылғының қозғалмалы және қозғалымсыз бөліктеріне бекітеді. Соңғы жылдары соққы стендері ретінде гидравликалық катапульталар қолданып жүр. Олар 300-400м/с2 үдеуге ие.
Дірілдік сынау жабдықтары бұл дірілдік құрылғылар және дірілдік стендер.
Дірілдік құрылғы – дірілді туғызатын, тапсырманы беретін, басқаратын, күшейтетін, өлшейтін, бақылайтын және қосымша құралды, нормаланған дәлдік сипаты бар дірілді жаңғыртатын қызметтерді біріктірген құралдар жиынтығы.
Дірілдік стенд – бұл энергияның қандай да бір түрін діріл энергиясына түрлендіретін құрылғы. Жұмыс істеу принципіне байланысты электродинамикалық, электрогидравликалық, электромеханикалық және т.с.с. болып бөлінеді.
Электродинамикалық құрылғы сынаудың талаптарын толық қанағаттандырады. Олар діріл жиілігін бірнеше герцтен бастап, ондаған килогрецке дейін, амплитуданы бірнеше микрометрден ондаған миллиметрге дейін, үдеуді оннан бір бөліктен бірнеше мың м/с2 дейін түрлендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет