1. Мекеменің тапсырушыға бағдары Мекеме толықтай өзінің тапсырушыларына тәуелді болады, сондықтан тапсырушының қажеттіліктерін түсіну, оның талаптарын орындау және үмітін ақтауға тырысу қажет. Тіпті, минималды талаптарға жауап беретін сапа жүйесі де ең алдымен, тұтынушы талаптарына бағытталуы тиіс. Клиент сұраныстарына бағытталудың жүйелік әрекеті тапсырушылардың шағымдары мен арыздарын жинап, талдаудан басталады.
Шағымдар мен арыздарды талдаудың тәжірибесін көптеген сапа жүйесі белгіленбеген ұйымдар жүргізеді. Бірақ TQM-ді қолдану шарттарында ақпарат бірнеше мәліметтер көзінен жүйелі түрде түсіп, нарық немесе нақты тапсырушының сұраныстары мен тілектеріне қатысты нақты және негізделген қорытындылар алуға мүмкіндік беретін процесте интеграциялануы тиіс.
Өз шеңберінде TQM жүйесін енгізетін ұйымдарда барлық ақпараттар мен мәліметтер мекеме ішінде толығымен таралуы керек. Қазіргі жағдайда мекеменің іс-әрекетін тұтынушылық бағалауды анықтауға және мекеменің тапсырушыларды қанағаттандыра алу деңгейін өзгертуге бағытталған процестер енгізіледі.