Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Сапа жүйесін сертификаттауға дайындау



бет173/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

9.7. Сапа жүйесін сертификаттауға дайындау

Сапа жүйесінің сертификаттауы:


– компанияның жақсы ұйымдастырылуына;
– міндеттерінің, әдістемелерінің, процедураларның жақсы таратылғанына;
– құжаттандырылған және компанияның барлық персоналдарына белгілі оперативтік ережелерінің болуына;
– жұмыс күйінде ұсталатын және жақсы реттелген бақылау құралдарына;
– өз жұмысын сапалы орындай алатын кәсіби және жақсы оқытылған персоналдың болуына кепілдік береді.
Сапа жүйесіне бірінші сертификаттарды өнім өндірісін ерте әрекет еткен бақылау жүйесі негізінде өз сапа жүйесін жасаған ірі кәсіпорындарға берді. Қазіргі кезде керісінше, сапа жүйесін енгізуге ниет білдірген көптеген кіші кәсіпорындар пайда болуда.
Әдетте, сертификаттауға дайындық уақытын екі-үш жылда анықтайды. Ал Германияда орта кәсіпорынға ол үшін екі жыл қажет деп есептеледі. Тәжірибеде сертификаттауға дайындық уақыты – әрбір кәсіпорын үшін жеке санат және бірнеше факторларға тәуелді болады. Олардың негізгілері мынадай:
– кәсіпорында сертификаттауға дайындықты бастауға сапаны басқару деңгейі (өндірістік жүйенің жағдайы, сапаны басқару аумағындағы ережелер, персоналды дайындау деңгейі, серіктестермен қатынастағы өзара түсіністіктер және т.б.);
– сапаны басқару мәселесіне басшылықтың көзқарасы;
– сапа жүйесінің сертификаттауы бойынша аттестатталған мамандардың болуы.
Сапа жүйесін дайындау уақытын қысқарту үшін және қажетті өзгерістер енгізу үшін мекеме басшылығы өзінің жетекші қызметкерлері арасынан сапа жүйесінің сертификаттауы бойынша бір-екі экспертті дайындау туралы шешім қабылдауы тиіс. Бұл ең алдымен, мекемеде сапа жүйесін сертификаттауға дайындау бойынша жұмыстарды сапалы жүргізе алатын мамандар болуы үшін қажет. Содан кейін сапа жүйесін ішкі тексеру бойынша сарапшылар тобын дайындау керек.
Табысты дайындықты және ұйымға сертификаттау жүргізуді қамтамасыз ету үшін бірқатар талаптарды орындау қажет. Олар:
1. Мекеменің жоғары басшылығының қажетті ресурстар мен дайын персоналды сәйкес түрде қолдана отырып, мекеменің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуде ИСО 9000 стандартына сәйкестігіне жету міндеттерін қабылдауы;
2. Басшылық кеңесін ИСО 9000 стандартын оқыту. Басшылық кеңестің барлық мүшелері ИСО талаптарын түбегейлі түсінуі қажет.
3. Сертификаттау бойынша агенттікті таңдау және бағалау. Бұл талап тіркеушіні табумен байланысты, яғни ИСО 9000 сәйкестігіне сертификаттауға уәкілетті тіркеушіні табу және регистрге енгізу. Регистрге енгізу мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлу қажет, себебі қазір көптеген елдерде регистрге енгізілусіз сертификаттаудың басқа түрлерімен айналысатын сертификаттау бойынша агенттіктердің жүйесі кең таралған.
4. Сапаға жауапкершілікті орнату. Тапсырма мен оқытудан кейін басқарушы сапаға және ұйымдағы сәйкес процестерге жауапкершілікті бекітеді.
5. Процедуралардың құрылымын жасау. Әрбір ұйымда бөлімшелер арасындағы өзара функционалды байланыстарды көрсететін құрылым болуы тиіс.
6. Құжаттаманың стандартын анықтау. Басқарушы кеңес ИСО 9000 стандартында талап етілген барлық құжаттарды анықтауы және оларды орындаушылар үшін түсінікті жасауы қажет.
7. Мекеменің барлық қызметкерлерін ИСО 9000 саласында дайындау. Әрбір қызметкер ИСО 9000 стандартының талаптарын және мағынасын түсінуі қажет, себебі сертификаттауға дайындау және оны жүргізу кезінде қызметкерлердің бәрі қатысуы талап етілген.
8. Ішкі аудит топтарын дайындау. Топ мүшелері қызметкерлер арасынан алынады және ішкі аудит жүргізу сұрақтары бойынша оқытылады.
Төменде сапа менеджменті жүйесін біртіндеп енгізудің ұсынылған жобалық жоспары келтірілген:
1. СМЖ енгізу жөнінде бұйрық
(жұмыс ұйымдастырушысы, жауапты тұлғалардың тағайындалуы)
2. Сапа бойынша Кеңес құру туралы бұйрық
(басшысы, орынбасары, жауапты хатшы, жұмыс топтарын)
3. Сапа бойынша Кеңес туралы жағдай
(жұмысшы топтар – барлық цех)
4. Ішкі аудиторларды тағайындау (бұйрықпен)
5. Сапа бойынша Кеңес (жиналыс):
– сапа саласындағы ұйымның мақсаттары мен тапсырмалары
– сапа саласындағы саясат
– СМЖ енгізудің жылдық күнтізбелік жоспары
– ұйымның мотивациялық механизмі
– сапа жүйесіне талдау жүргізу бойынша комиссия құрамы
– талдау жүргізу мерзімі (тіркеу қажет)
6. Жұмыстардың ағымдағы жайын талдау (комиссиялы)
– техникалық құралдарды инвентаризациялау және олардың техникалық жағдайы
– қажетті мөлшерде жабдықтар мен құралдардың болуы
– нақты құрылғы, құрал және т.б. болуын тексеру
– НҚ қорының ревизиясы, актуалдандыру
– технологиялық процестерді оптимизациялау (жұмыс күнінің фотографиясы, хронометраж)
– комиссия қорытындысы және шешімдері
– орындауды бақылау
7. Жүйені құжаттандыру (барлық жұмысшы топтар)
– бинес-процестердің алгоритмі мен блок-сұлбасын жасау
– жауапкершілік матрицасын жасау
– бизнес-процестердің бақылау параметрлері
– құжаттандырылған процедуралар
– жұмыстарды құжат түрінде тіркеу
– әрбір бөлім бойынша құжаттамалар реестрі
– филиал бойынша құжаттаманың жанама реестрі
8. Сапа бойынша Кеңесте бекіту
– Сапа бойынша басшылық
– құжаттамалар реестрі
– жаңа техника мен технологияны енгізу бағдарламасы (СМЖ тұрақты жақсарту принциптері)
9. Ішкі аудит
Ішкі аудитті жүргізу туралы бұйрық
(аудиторларды орналастыру, жүргізу мерзімдері)
– қорытындылар
– орындалу бақылауы
10. СМЖ алдын ала тексеру
– СМЖ тексеру жүргізілуі (Кеңес тағайындайды)
– қорытындылар
– орындалу бақылауы
11. Ішкі аудит (тәуелсіз сарапшы-аудитор)
– жүргізуге өтінім бер
– қорытындылар
– орындалу бақылауы
12. СМЖ сертификаттауы
–сертификаттау бойынша органға өтінім беру
– сертификаттау бойынша органға құжаттарды көрсету
– сарапшы пен СО-ның қорытындысы
-СМЖ-не сертификат беруі
Сапа жүйесінің сертификаттауы ҚР СТ 3.15.2-98 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сапа және өндіріс жүйесінің сертификаттауы. Сапа жүйесінің сертификаттауын жүргізу тәртібі»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет