Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет38/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

6. Қолдану саласы. «Қолдану саласы» элементін стандарттың тағайындалу саласын анықтау және стандарттау объектісін белгілеп алу үшін келтіреді. Қолдану саласын стандарттың бірінші бетіне орналастырады және 1 санымен нөмірлейді. Стандарттау объектісін белгілеуде келесі тұжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт ...... таратылады»
Мысалы – Осы стандарт шпинделі консоль түрінде орналасқан жонғыш білдектерге таратылады.
Стандарттың мазмұнын белгілеуде келесі тұжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт ...... бекітеді»
Мысалы – Осы стандарт мойынтіректердің радиалдық және өстік саңылауларының өлшемдерін бекітеді.
Қолдану саласын белгілеуде келесі тұжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт ....... қолданылады»
Мысалы – Осы стандарт тұтынушыға жеткізілетін барлық полиграфиялық бұйымдар үшін қолданылады.
Егер стандарттау объектісінің қолдану және жеткізу саласы шектеулі болса, онда келесі тұжырымдауды қолданады:
«Осы стандарт тек қана атомдық станцияларға жеткізілетін ..... таратылады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет