9. Белгіленулер және қысқартулар. «Белгіленулер және қысқартулар» элементінде осы стандарт пайдаланылған белгіленулер және қысқартулар тізімі беріледі. Белгіленулер мен қысқартуларды стандарт мәтінінде келтірілген ретімен, қажетті түсініктеме және мағынасын ашып көрсетеді. Талаптар. Стандарттау объектілеріне қойылатын талаптар, олардың арнайылануына байланысты, бір- біріне қайшы келмейтін негізгі стандарттар түрлеріне: өнім және көрсетілетін қызмет стандартына, негізқалаушы стандартқа, бақылау әдісі стандартына, процестер стандартына тағайындалады.