Стандарт мәтінін бөлу. Стандарт мәтінін бөлімдерге бөлу керек. Бөлімдерді тармақтарға немесе бөлімшелер мен тармақтарға бөлуге болады. Тармақтар қажет болса, тармақшаларға бөлінеді. Стандарт мәтіні тармақтар мен тармақшаларға бөлінгенде, әрбір тармақ, тармақша аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдерді, бөлімшелерді, тармақтар мен тармақшаларды араб сандарымен нөмірлейді және азат жолдан бастап жазады. Бөлімдерге барлық мәтін шегінде қосымшаларды қоспағанда, реттік нөмірлер қойылуы тиіс.
Мысалы – 1, 2, 3, т.б.
Бөлім немесе тармақ бөлімінде нүктемен бөлінген бөлімше немесе тармақ нөмірі кіреді.
Мысалы – 1.1, 1.2 , 1.3, т.б.
Тармақша нөміріне нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше, тармақ және тармақшаның реттік нөмірі кіреді.
Мысалы – 1.1.1.1, 1.1.1.2 , 1.1.1.3, т.б.
Стандарт мәтінінде бөлім, бөлімше, тармақ, тармақша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Стандарт мәтінін тек тармақтарға бөлген кезде қосымшаларды қоспағанда, оларды барлық мәтін шегінде реттік нөмірлермен нөмірлеу қажет. Егер бөлімде, не бөлімшеде тек бір тармақ немесе тармақта бір тармақша болса, онда оны нөмірлемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |