Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттарына: 1) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша саясатты ұстау;
2) Шама бірліктерін орнату;
3) Шама бірліктерінің эталондық базасын дамыту және жетілдіру;
4) ӨҚ-ның өндірісінің, қолданылуының және жөнделуінің реттілігін анықтау;
5) Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу;
6) Метрология саласында ҚР-дың ведомствалары мен министрліктерінің қызметтерін орталықтандыру;
7) Метрология саласында зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру;
8) Нормативтік құжаттамалардың дайындалуы мен бекітілуінің ретін анықтау;
9) Мемлекеттік өлшеу құралдарының (МӨҚ) реестрін жүргізу;
10) Метрология саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
11) ҚР-ды метрология бойынша халықаралық және аумақтық ұйымдарда таныстыру жатады.