Мемлекеттік қадағалау Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – бұл ӨҚ-ның шығарылуына, жағдайына және қолданылуына, ӨЖӘ-нің қолданылуына, метрологиялық нормалардың, ережелердің сақталуына қадағалауды ҚР Мемстандартымен жүзеге асыратын қызмет.
Заңнамалық база:
1) «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы» заңдарды толығымен алмастырған ҚР-дың «Техникалық реттеу туралы» заңы;
«Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы;
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР заңы;
Әкімшіліктік кодекс,
Азаматтық кодекс;
Қылмыстық кодекс.
Ұйымдастыру және жүргізу реті ҚР СТ 2.15-2000 «Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау» стандартына сәйкес жүргізіледі.